Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Астанада Жас құтқарушылардың қалалық жарысы өтті

Астанада Жас құтқарушылардың қалалық жарысы өтті

PDF Баспаға жіберу
17.05.2016 09:27

Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ «Құтқарушы» спорт кешенінде негізінде «Жас құтқарушылар жасақтарының» қалалық жарыстары өтті. Спорттық жарыстарды республикалық БАҚ өкілдері қамтыды. Аталмыш іс-шараға   Астана қаласы ТЖД басшылығы қатысты.

Қалалық жарыстардың ақтық сайыстарында Астана қаласы білім ордаларының 6 тобы қатысты. «Алматы» ауданы бойынша ТЖ басқармасының атынан №30 мектеп-лицейі мен №28  орта мектебі қатысты. Ал № 19 және №20 орта мектептердің құрамалары «Сарыарқа» ауданы бойынша ТЖ басқармасының намысын қорғады. Сонымен қатар,    №69, №71 орта мектептің құрамалары «Есіл» ауданы ТЖ басқармасын таныстырды.

Қалалық жарыстардың қорытындылары бойынша, жеңіс тұғырынан «Сарыарқа» ауданына қарасты №20 орта мектебінің  құрамасы кірді, екінші орынды «Есіл» ауданының №79 мектеп-лицейі иемденсе, үшінші орыннан «Алматы» ауданының №28 орта мектебінің құрамасы көрінді.

Ал «Ең үздік сурет» конкурсында №20 мектеп-лицейінің құрамасы топ жарды.

Спорттық жарыстардың жеңімпаздары мен қатысушыларына медальдар, құрмет грамоталары мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Бұл жұмыстар балалардың отпен ойнауынан болатын өрттерді алдын-алу, оларды ТЖ болған кезде алғашқы жасайтын әрекеттерді үйрету және де құтқарушылардың қызметтерімен танысу мақсатында жүргізіліп отырады.

Мүмкін бұл балалардың біреуі жарысқа қатысқаннан соң құтқарушы болуыға  ниет білдіретін шығар, бізде ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институты бар, ол жерде төтеншще жағдайларды алдын-алу және жою саласындағы мамандарды дайындайды.


Астана қаласы ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы



 
Система Orphus