Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты «Мемлекеттік рәміздер күні – әр қазақстандық үшін айтулы мереке»

«Мемлекеттік рәміздер күні – әр қазақстандық үшін айтулы мереке»

PDF Баспаға жіберу
31.05.2016 06:13

4 маусым күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтеді. Мерекеге орай   Астана қаласы ТЖД «Өрт сөндіру және аариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ жеке құрамымен кәсіби дайындық сабағы өтті. Сабақтың мақсаты идеологиялық тәрбие болып табылады. Іс-шара барысында Кадрлық жұмыс бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Б.Қожакеев «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнесін, сонымен қатар Мемлекеттік Гимннің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) тәртібі» тақырыбында баяндама оқыды.

«Мемлекеттік рәміздер – әр тәуелсіз елдің төл белгілері. Біздің еліміздің үш мемлекеттік нышаны бар: ту, елтаңба және әнұран. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жүргізіп отырған салиқалы саясатының арқасында, әнұранның әр сөзі, туымыздың көк және алтын түстері қазақ халқының гүлденуінің, ынтымағы мен бірлігінің нышанына айналды, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері сүйікті еліміз бен халқымыздың,  әр қазақстандықтың жүрегінде мәңгілік сақталуын тілеймін», - деп жалғастырды өз сөзін азаматтық қорғау подполковнигі Б.Кожакеев.


Астана қ. ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ



 
Система Orphus