Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Астана қ. ТЖ департаментінде лаңкестіктен қаза болғандарды еске алу бойынша бір минут үнсіздік жарияланды

Астана қ. ТЖ департаментінде лаңкестіктен қаза болғандарды еске алу бойынша бір минут үнсіздік жарияланды

PDF Баспаға жіберу
09.06.2016 18:51

Бүгін Қазақстанда террористік актінің салдарынан құрбан болғандарға арнап ұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Астана қ. ТЖ департаментінің қызметкерлері лаңкестіктен қаза болғандарды еске алу бойынша бір минут үнсіздік жарияланды.

"Ақтөбе қаласында жасалған террористік актінің салдарынан әскери қызметшілер мен азаматтардың қаза болуына байланысты Қазақстан Республикасында 2016 жылғы 9 маусымда ұлттық аза тұту жариялансын.", — делінген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолы қойылған Жарлығында.

Астана қ. ТЖ департаментінің ғимаратында көк ту төмен түсірілді. Департамент сайты бірыңғай ақ-қара түске ауыстырылды. Департамент қызметкерлері кіші дағдарыс орталығына жиналып, қаза болғандарды бір минут үздікдік жариялап еске алды.

Астана қ. ТЖ департаменті бастығы азаматтық қорғаныс полковнигі Б.Дұзақбаев: "Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қайғысына ортақтасып көңіл білдіреміз. Біз, құқық қорғау органдарының қызметкерлері қиын-қыстау кезеңде бір-бірімізге қолдау көрсетуіміз керек. Бәріңізді қырағы болуға шақырамын, заңсыз құқық бұзушылық әрекеттердің жолын шешімді кесуіміз керек».

 

Астана қаласы ТЖД


 
Система Orphus