Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Елордалық өрт сөндірушілер өрттің таралуын тоқтатты.

Елордалық өрт сөндірушілер өрттің таралуын тоқтатты.

PDF Баспаға жіберу
29.06.2016 04:19

Бүгін түнде сағат 02:35-те Өрт сөндіру қызметіне Біржан сал көшесі, 2/1 үй мекен-жайы бойынша №3 кіреберісте түтін орын алғаны туралы хабар түсті. Хабар бойынша оқиға орнына ӨСБ-2 және ӨСБ-5 кезекші қарауылдары жіберілді, құрамында 5 негізгі және 2 арнайы өрт сөндіру автокөліктері, жеке құрамнан 29 адам болды. Сағат 02:45-те өрт орын алған жерге келу барысында бесқабатты тұрғын үйдің №3 кіреберісіндегі бірінші қабаттың баспалдағы торабының астындағы қойма жанып жатты, өрт ауданы 7 кв.м. құрап,  бүкіл кіреберіс түтінге толған. Жоғарғы қабаттардағы адамдардың өміріне қауіп төніп тұрды. Орын алған жағдайға байланысты 1-ӨСЖ ӨСБ-2 бастығының орынбасары азаматтық қорғау капитаны Д.Д.Алишбаев адамдардың өміріне төніп тұрған қауіпті ескере отыра №2 ранг жариялады.

Қабылданған шешімге байланысты құтқарушылардың әрекеті ең алдымен адамдарды құтқару мен қауіпсіз жерге шығаруға бағытталды. Ол үшін ГТҚҚ буындары және қолмен көтеретін өрт сөндіру баспалдақтары қолданылды. Құтқару операциясы барысында қабаттарға құрамалап көтерілу жүзеге асырылды.

Жеке құрамның тез әрі жүйелі жұмысының, кәсіби сауаттылығының, бағытталған шешімдердің дұрыс таңдалуының арқасында өрттің барлық кіреберіске таралуының алды алынды, үй тұрғындарының зардап шегуі мен қазасын болдырған жоқ. ГТҚҚ буындары және қолмен көтеретін баспалдақтар арқылы 8 адам құтқарылды, олардың 4-уі  бала, сонымен қатар 70 адам қауіпсіз жерге шығарылды, олардың 10-ы бала.

Өрт сөндіру бөлімшелерінің жұмыстарын тұрақта тұрған автокөліктер қиындатты. Солардың салдарынан автобаспалдақ пен АКҚ орнатуға мүмкіндік болмады.

Өрт сөндіру үшін барлығы 8 негізгі, 6 арнайы өрт сөндіру автокөліктері, жеке құрамнан 56 адам жұмылдырылды.

Өрт сағат 03.17 –де толығымен сөндірілді. Өрт себептері анықталуда.

Құрметті елорда тұрғындары, отпен абай болыңыздар, өрт қауіпсіздігі ережелерін ұстаныңыздар. Аталмыш жағдайлардан аулақ болу үшін кіре беріс жолдарды жаппауларыңызды өтінеміз. Өрт сөндіру баспалдақтары мен көтеру құрылғыларын пайдалу үшін орындар қажет! Жақын жандарыңыз туралы, өзіңіз туралы және өз балаларыңыздың қауіпсіздігін ойлаңыздар! Көліктеріңізді дұрыс орналастырыңыздар!


Астана қ. ТЖД «ӨС ж АҚЖҚ» ММ


 
Система Orphus