Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Бас Прокурордан алғыс хат

Бас Прокурордан алғыс хат

PDF Баспаға жіберу
12.07.2016 04:15

Астана күні қарсаңында Бас Прокуратурада салтанатты жиналыс болып өтті, оның барысында Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Астана қаласы  Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі М.Қайсановқа алғыс хат берді.

Жазғы демалыс уақытында прокуратура қызметкерлерінің балаларына арналып Ел тәуелсіздігінің және Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының 25 жылдығына орай «Тәуелсіз елдің ертеңі» атты іс-шаралар ұйымдастырылды. Аталған іс-шаралар шеңберінде балалар елордалық өрт сөндіру бөлімінде және өрт сөндірушілер мен құтқарушылар мұражайында болып, жылу түтін камерасындағы өрт сөндірушілердің жұмысын көрді. Сонымен қатар балалар «Біздің миссия –құтқару!» атты фильмді тамашалады. Бірінші көрме залында астананың өртке қарсы қызметінің құрылу тарихы жайында білді. Бұнда Департаменттің құрылған күнінен бастап барлық басшылардың, ҰОС және ТЖ ардагерлерінің өмірбаяндары жазылған тақта орналасқан.

Бас Прокурор Ж.Асанов алғыс хат табыс ете отырып, М.Қайсановқа балалар үшін қызықты әрі пайдалы экскурсия ұйымдастырғаны үшін алғыс білдірді.

Әріптестерін құттықтаған Бас Прокурор мейрамның тарихи маңызына, еліміз бен жас елордамыздың дамуындағы Мемлекет басшысының рөліне тоқталды. Президенттің салиқалы саясатының нәтижесінде Астана өз қалыптасуында таң қаларлық жетістіктерге жетті, заманға сай және табысты мемлекеттің символына айналды, деп атап көрсетті Жақып Асанов.

 

Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы


 
Система Orphus