Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты «Сауда объектілеріндегі өрт қауіпсіздігі ережелері» тақырыбындағы дөңгелек үстел

«Сауда объектілеріндегі өрт қауіпсіздігі ережелері» тақырыбындағы дөңгелек үстел

PDF Баспаға жіберу
18.07.2016 13:07

18 шілде күні Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті «Сарыарқа» ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің бастығы азаматтық қорғау капитаны Қ.М.Тоқсейітов төрағалығымен қалалалық кәсіпкерлердің қатысуымен «Сауда объектілеріндегі өрт қауіпсіздігі ережелері» тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел өткізілу барысында МӨББ бас маманы азаматтық қорғау майоры Е.Н.Батталов және МӨББ аға инженері азаматтық қорғау майоры А.С.Қуанышевтың баяндамалары тыңдалды.

Адамдар жаппай болатын сауда объектілеріндегі өрт қауіпсіздігі мәселелері талқыланды. Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері кәсіпкерлерге сауда объектілеріндегі өрт қауіпсіздігінің ережелері туралы түсіндіріп және өрттердің алдын алу іс-шаралары туралы жадынамалар таратты.

 

Астана қаласы ТЖД «Сарыарқа» ауданының ТЖБ



 
Система Orphus