Құтқарушылар Астана су тоғандарын бақылауда

Баспаға жіберу
21.07.2016 10:44

Шілде айының екінші он күндігінде Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері мен ОӨАЖҚЖ судағы төтенше жағдайлардың алдын алу үшін кезекті рет елордалық су тоғандарды айналып өтті: Нұра-Есіл каналының су тоғандарында рейд өткізілді, қала бойынша Есіл өзенінің арнасында жүзуге тыйым салынған орындарға қойылған белгілер және суға шомылушылардың бар-жоқтығына тексеру жүргізілді. Есіл өзенінің арналарында, Қоянды аулындағы жағажайға, Күйгенжар және Көктал ауылдарындағы рұқсат етілмеген жерлерге келушілерге үстіміздегі жылдың 16 шілдесінде қалалық ТЖД күштерімен, ОӨАЖҚЖ және жергілікті полиция қызметкерлерімен бірге профилактикалық іс-шаралар өткізілді. Демалушылармен әңгімелесулер жүргізіліп, судағы қауіпсіздік ережелері туралы жадынамалар таратылды. Қоянды су қоймасындағы жағалаудың әкімшілігі өкілдерімен кездесу барысында құтқарушыларымызоларға қауіпсіздік қабырғасына ілетін «Судағы қауіпсіздік ережелері туралы» жадынамалар мен плакаттар берді. Әкімшілік өздерінің қауіпсіздік туралы ережелер қабырғасын солар арқылы жаңартты. Аталмыш мәліметтерден демалуға келушілер судағы қауіпсіздік ережелерімен танысып, төтенше жағдайларды болдырмауға тырысатын іс-шараларды қаперлерінде ұстайтын болады және суға шомылу барысында зардап шеккендерге алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсетуді үйрене алады.