Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Тұңғыш Президент күні – қазақстандықтар үшін айтулы мереке

Тұңғыш Президент күні – қазақстандықтар үшін айтулы мереке

PDF Баспаға жіберу
26.11.2013 04:59

Тәуелсіздік алып, аяқтан нық тұру жылдарында Қазақстан көптеген кезеңдерден өтті. Астанамыздың 1997 жылы Алматыдан Астанаға көшуі, үкіметтік құрамның, жаңа министрліктердің құрылуы, Қауіпсіздік кеңесінің құрылуы мен Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеттің құрылуы. Барлық өзгерістер қарқынды іске асып жатты. Әрине, бұған өзінің зор үлесін қосқан Нұрсұлтан Назарбаев. Еліміз үшін ерең еңбек етіп келе жатқан осы тұлғаның құметіне жыл сайын еліміз 1-ші желтоқсан күні Тұңғыш Президент күнін атап өтеді.

1991 жылдың 1-і желтоқсан күні Қазақстанда тұңғы бүкілхалықтық президенттік сайлау өткен болатын. Сол себепті де осы күні Тұңғыш Президент күні атап өтіледі.

Тұңғыш Президент күні өз бойына әр қазақстандық үшін әлеуметтік, экономикалық қажеттілікті сіңіреді. Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан 2030», «Қазақстан 2050» стратегиялары елімізді ілгері жылжытып, жаңа белестерді бағындыруға жетелеуде. Астана қаласы ТЖ Департаменті стратегияның бөлімдері мен елбасының халыққа жолдауы бойынша жұмыстарды атқаруда.

Астана қаласы ТЖ Департаментімен еліміздің өндірістік құрылымдарының стратегиялық маңызды объектілеріндегі өрт қауіпсіздігін арттыру бойынша кешенді шаралар қолданылды.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің басшылығына 1989 жылдың 22 маусымында келген. Сол кезде ол Қазақ ССР-нің Компартиясының ОК бірінші хатшысы болып тағайындалған болатын.

Биылғы жылы да, әдеттегідей Тұңғыш Президент күнін атап өту барысында еліміз бойынша мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады. Астаналық ТЖ Департаменті, Елбасының қолынан лейтененттық шен алған қызметкерлер мен балалар үйінің тәрбиеленушілерінің кездесуін ұйымдастырады. Мереке қарсаңында Департамент қызметкерлері Астана қаласындағы тұңғыш Президент мұражайында, Теміртау қаласындағы Елбасының тарихи-мәдени орталығына бас сұқты. Соынмен қатар, өртке қарсы қызмет саласына жаңадан келген қызметкерлердің ант қабылдау рәсімі ұйымдастырылмақ.

Қазақстан халқы елінің жеткен әр жетістігіне шынайы қуана біледі. Еліміз Ұлт көшбасшысын таңдады. Енді 1-ші желтоқсан күні әр қазақстандық үшін ерекше мереке болмақ.

 

Астана қаласы ТЖД-нің баспасөз қызметі


 
Система Orphus