Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Елордалық өрт сөндіру қызметінде газ-түтіннен қорғау қызметінің үздік буыны анықталды

Елордалық өрт сөндіру қызметінде газ-түтіннен қорғау қызметінің үздік буыны анықталды

PDF Баспаға жіберу
21.07.2016 17:08

Құтқарушылар мамандығы әрі қауіпті, әрі қиын. Бәріне мәлім, бұл мамандықты тек қана ержүрек, батыл және батыр ер адамдар ғана таңдай алады. Олар күн сайын от пен түтінге оранады. Олардың бәрі батыр. Қауіп төнген кезде, дәл осы құтқарушылардың мойнына адамдардың өмірі мен қауіпсіздігіне деген жауапкершілік артылады. Дәл солардан көмек күтеді. Сол себептен де бұл батыл жігіттерде әрдайым дене шынықтыру дайындығы болуы керек. Спорт және кәсіби дайындық – елордалық құтқарушыларда әрқашан бірінші орында. Астаналық өрт сөндіру қызметінің өрт сөндірушілері спортық жарыстармен қатар жыл сайын «Газ-түтіннен қорғау қорғау қызметінің үздік буыны» атағын алу үшін байқауға қатысады.

ГТҚҚ буыны – ереже бойынша, буынның командирін қосқанда, кем дегенде үш мүшеден тұратын өрт сөндіру кезінде тыныс алуға мүмкін емес ортада әрекет етуге қалыптасқан ГТҚҚ бірінші тактикалық бірлігі. Дәл сондай ортада өрт сөндірушілерге арнайы құрылғыларымен жиі жұмыс істеуге тура келеді. Ештеңе көрінбейтін жерде өрт сөндірушілер зардап шегушілерді табуы керек және қою түтінге оранған жерден шығулары керек. Жауапты міндет оңай емес, ең негізгі қиындығы – қауіпті міндет. Сондықтан да құтқарушылар арнайы құрылғылармен қамтамасыз етілген камераларда өздерінің қабілеттерін шыңдау үшін дайындық жұмыстарын өткізеді.

Байқау мақсаты – газ-түтіннен қорғаушылардың кәсіби деңгейін, жауынгерлік дайындығын, дене шынықтыру және психологиялық дайындықтарын көтеру.

Конкурсты өткізу бағдарламасы бойынша газ-түтіннен қорғаушылардың тәжірибелік қабілеттерін тексеру үшін оларға бес кезең таныстырылды: зардап шеккенді құтқару, артық салмақпен жаттығулар жасау, жылу түтін камерасы, 40 метрлік қашықтық және жауынгерлік қанат жаю, финиш.

Байқаудың ұйымдастырушылары мен төрешілері әрбір қатысушының дене шынықтыру дайындықтарының жоғары деңгейде екенін атап өтті. Конкурс қорытындысы бойынша «Газ-түтіннен қорғау қорғау қызметінің үздік буыны» атағын 7 минут 45 секундтан тұратын жедел уақыт көрсеткішімен 1-орынды МӨСБ-2 буыны иеленді, 2-орынды 11 минут 02 секунд уақытпен МӨСБ-16 буыны алды, ал 3-орынды 11 минут 31 секунд уақыт көрсеткішімен ӨСБ-1 буыны қоржындарына байлады.

Айта кететін болсақ, аталмыш байқаумен бірге «Қауіпсіздік бекетіндегі үздік бекетші» конкурсы да өткізілген болатын. Оның нәтижесінде ең үздік болып елордалық Өрт сөндіру қызметінің ӨСБ-6 аға өрт сөндірушісі азаматтық қорғау сержанты Ерік Ізтаев таңдалды.

 

Астана қаласының ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы


 
Система Orphus