Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Астана қаласы ТЖ Департаментінің бастығы мамандарды марапаттады

Астана қаласы ТЖ Департаментінің бастығы мамандарды марапаттады

PDF Баспаға жіберу
25.11.2013 00:00

Қарашаның 25-і күні «Қазселеқорғау» ММ-нің бас инженері Т.Әміровке Астана қаласы ТЖ Департаментінің бастығы, генерал-майор М.Қ.Ысқақов «Қазселеқорғау» ММ-нің 40-жылдығына орайластырылған, төтенше жағдайды жою мен алдын-алу жүйесіне қосқан қомақты үлесі үшін  алғыс хат табыс етті.

 

«Қазселеқорғау» ММ-і ҚР ТЖ Министрлігінің қуатты бөлімшелерінің бірі болып табылады. Мысал ретінде «Астана қаласын Есіл өзенінің тасқын суынан қорғау» жобасының іске асуы болып отыр.

Сонымен қатар, марапатқа өрт сөндірушілерді дайындау және авариялық-құтқару жұмыстары, өрт сөндіруді ұйымдастыру бөлімінің бастығы В.Ли  ие болды.  Ол құтқарушылардың кәсіби мерекесін атап өтуге орай «Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісіне таныстырылған.

Өз кезектерінде, марапатталғандар Департамент басшылығы мен қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.

Астана қаласы ТЖД-нің баспасөз қызметі


 
Система Orphus