Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Қауіпсіздік басты назарда

Қауіпсіздік басты назарда

PDF Баспаға жіберу
01.08.2016 04:21

Біз қауіпке толы дүниеде өмір сүріп жатырмыз. Ауқымды терроризм, аппатты зілзала және техногенді катастрофалар, экологиялық проблемалар, экономикалық дағдарыс- бұл құбылыстардың бәрі жалпы алғанда біздің жеке өмірімізге, жақындарымызға және достарымызға қауіп төндіреді. Осы тұрақсыз күрделі дүниеде балаларымыздың болашағы қандай болады деп өзіміз жиі ойға түсеміз? Алдымен біз балаларымызға жарқын болашақ қамтамасыз етуге тиістіміз, сол болашақты өз қолымызбен тұрғызуымыз қажет.

Азаматтық қорғау басқармасы мекемелерден, өндірістен азаматтық қорғау мәселесінде тұрғылықты халықты оқыту бойынша  түскен өтініштерді қарастырып жатыр; үстіміздегі жылдың  есепті уақытында 15 мекемеде, 1657 адамды қамти оқыту өткізілді; тақырыбы: «азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі», «өрт қауіпсіздігі», «төтенше жағдайларда алғашқы медициналық көмек»; әдістемелік ұсыныстар берілді, жадынамалар таратылды, персоналдармен дағдылық  іс-шаралар жасалып; үйлер мен ғимараттардан адамдарды эвакуациялау жұмыстары жүргізілді.

Бұл тізімде Республикалық маңызды объектілер бар, атап айтқанда, «Қараөткел» РМК, Қазақстан Республикасы Президентінің  Істер Басқармасы, «Қазақстан Республикасы Парламентінің инженерлік шаруашылық орталығы басқармасы»; осы жұмыстар барысында Астана қаласы ТЖ Департаментінің қызметкерлерінің кәсіби біліктілігі алғыс хатпен ескерілген.



 
Система Orphus