Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Астана қаласы ТЖ департаментінің маманы Республикалық байқаудың жүлдегері атанды

Астана қаласы ТЖ департаментінің маманы Республикалық байқаудың жүлдегері атанды

PDF Баспаға жіберу
26.11.2013 11:24

Қарашаның 25-і күні «Тілеп Қобыз сарайында» «Жас қыран» Республикалық әскери-патриоттық қауымдастығы дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Қазіргі заман қаһармандары» атты Республикалық байқау өтті. Оған еліміздің түкпір – түпкірінен қырық алты үміткер қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша мұндай байқаулардың қоғамдағы рөлі зор. Өйткені, ол өскелең ұрпақты патриоттық сезімге, Отанын сүюге баулып, халық арасында ізгілік дәнін себеді.

Конкурсқа қатысқа үміткерлердің кәсіби деңгейі әртүрлі, арасында өнер майталмандары да бар. Әділқазылардың айтуынша, байқауда бірінен – бірі өткен кіл жүйріктердің арасынан мықтыларды таңдау қиынға соққан. Әділқазылар төрағасы – еңбек сіңірген өнер қайраткері, белгілі әнші, композитор – Марат Омаров болды.

Республикалық байқауда бағын сынаған Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының бас маманы – Тергембаева Кенжегүл Ілиясқызы өзінің төл туындысы «Құтқарушылар туралы» әнін шырқаған еді. Әріптесіміз жүлделі ІІІ – орынды иеленді.

Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі


 
Система Orphus