Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Егемен елінің құрдасы

Егемен елінің құрдасы

PDF Баспаға жіберу
09.08.2016 07:00

25 жыл бұрын әлемдік аренаға жаңа мемлекет құрылды ол - Қазақстан Республикасы. Елбасы өз сөзінде қазақстандықтар үшін тәуелсіздік – баға жетпес құндылық. Жаңа дәуірдің бастауы болған бұл күнді еліміз ақ түйенің қарны жарылған күн деп айтады. Біздің алдымызда өте ауыр жолдар, орындалмастай көрінген асқақ армандар тұрды. Бір арманға жету үшін, армандарымызды әр жыл сайын бөлшектеп орындап, бірлігіміз бен қайсарлығымыздың арқасында бағынбастай көрінген шыңдарды ауыздықтай білдік.


Биыл еліміздің тәуелсіздігіне ширек ғасыр толады. Мемлекетіміздің саяси және экономикалық тұрақтылығы, жалпы ішкі өнімнің өсуі - ерінбей еңбек етіп,  тер төкеннің айғағы. Демек бұл, ұлттық стратегиялық приоритетінің өскендігіне дәлел.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев өз сөзінде «Егеменді еліміздің жарқын болашағы- бүгінгі жастар»,-дейді. Елінің келешегін бүгін ойлайтын Тәуелсіз Қазақ елінің құрдастары, мемлекетімізге әр қилы салада еңбек етіп келеді. Бірі дәрігер болса, бірі құрылысшы, ал тағы бірі, қарулы күштер қатарында. Солардың бірі, азаматтық қорғау аға лейтенанты Кенжеғұлов Абылайхан,-«Менің дүниеге келген күнім, бүкіл елдің қуанышы деп ата-анам бала кезімде айтушы еді. Жастайымда бұл айтқандарын түсінбейтінмен, бірақ уақыт өте келе мойыныма артылған жүктің қаншалықты ауыр екенін түсіндім. Ес білген уақыттан алдыма мақсат қойдым-елімнің қорғаушысы болып, оның тұрғындарының қауіпсіздігі мен тыныштығын күзетемін деген мақсат қойдым». КТИ түлегі, бүгінде алға қойған мақсат міндеттерін жүзеге асыруда. Ол Астана қаласы ТЖД-ның № 2 арнайы өрт сөндіру бөлімінің аға инженері болып қызмет етеді. Құтқарушы болып жұмыс жасау КТИ түлегі үшін үлкен мәртебе. Абылайхан бала кезінде спорттың бірнеше түрімен айналысқандығын, мектепте, институтта қоғамдық іс-шараларға қатысқандығын айтады.  Жұмыс барысында жас батыр көптеген кісінің өмірін аман сақтап қалды, осы үшін де елорда тұрғындарының атынан бірнеше рет мадақтама қағазын да алып, ел қошеметіне бөленіп үлгерген.         Бұған қоса,  III дәрежелі құтқарушы төс белгісімен марапатталған. Сонымен қатар,  жас инженер өз бөлімінің командирі. «Газ-түтінінен қорғау қызметіндегі үздік бөлім» сайысында жыл сайынғы жеңісі, Абылайхан көшбасшылық қыбілетінің арқасы. «Біздің жұмысты жақсы жасай білу керек, себебі мұнда қателікке орын жоқ. Егер өз ісінің адамы болғың келсе, әрдайым өзіңмен жұмыс жаса»,-дейді құтқарушы.

Бүгін біз Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлаудамыз. Қазақ Елі үшін бұл айтулы күн. Егеменді елдің ертеңі үшін біздің аянып қалмасымыз анық. Азаматтық қорғау аға лейтенанты Кенжеғұлов Абылайхан айтқандай: «Тәуелсіздіктің құрдасы ретінде бізге, жеткен жетістікте тұрып қалмай, елдің келешегі үшін алға талпыну керек».

 

 


Жадыра Шайменова 

ГУ «СП и АСР» ДЧС г. Астаны


 
Система Orphus