Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Астаналық Департамент мамандары қауіпсіздік бойынша интерактивтік сабақ өткізді

Астаналық Департамент мамандары қауіпсіздік бойынша интерактивтік сабақ өткізді

PDF Баспаға жіберу
26.11.2013 11:54

26 қараша күні Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті қалалық Білім басқармасымен бірге мерзімдік қауіпсіздікке байланысты интерактивтік сабақ өткізді.

Сабаққа 17 мектептің 510 оқушысы қатысты. Интерактивтік сабаққа Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының бас маманы - Тергембаева Кенжегүл Ілиясқызы; Астана қаласы ТЖД Суда құтқару қызметінің аға әдіскері - Зуева Тамара Анатольевна және Ішкі істер департаментінің өкілі қатысты.

 

Азаматтық қорғаныс басқармасының бас маманы мектеп оқушыларына Азаматтық қорғаныстың маңыздылығы мен қажеттілігі, сондай-ақ, лаңкестік әрекеттер бойынша және жылыту мерзімінде жиі болатын төтенше жағдайлардың бірі – иісті газдан улануды болдырмау шаралары туралы айтты.

Астана қаласы ТЖД Суда құтқару қызметінің аға әдіскері қазіргі жұқа мұздың қауіптілігі туралы мәселені көтеріп, өткен жылда суда орын алған қайғылы жайттар жайында айтты.

ІІД-нің маманы жолдағы қауіпсіздік шараларына тоқталды.  Интерактивтік сабақ соңында оқушылар өткізілген сабақ туралы жағымды ойлары мен тілектерін қалдырды.

 

 

Астана қаласы ТЖД-нің баспасөз қызметі


 
Система Orphus