Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Астана қаласы өртке қарсы қызмет мамандары «Мамандығының үздігі» атағы үшін сайысты

Астана қаласы өртке қарсы қызмет мамандары «Мамандығының үздігі» атағы үшін сайысты

PDF Баспаға жіберу
27.11.2013 06:42

Қарашаның 26-ы күні Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ-де «Мамандығының үздігі» байқау-конкурсының нәтижелері бойынша марапаттау болды. Байқау қарашаның 16-25 аралығында өткен болатын. Оған «ӨС және АҚЖҚ» қызметкерлері әр – түрлі категориялар бойынша бақтарын сынаған болатын. Олардың барлығы жыл бойы жедел-қызметтік саласында бірталай жетістіктерімен көзге түскен болатын.

Бұл сайыста жеңімпаз атанған келесі қызметкерлерді құттықтаймыз:

«Ең үздік пост бастығы» - 13 ӨСБ пост бастығы, өртке қарсы қызмет майоры Абылқасов Еркінбек Шапкенұлы;

«Ең үздік қарауыл бастығы» - 5 МӨСБ-нің аға инженері, өртке қарсы қызмет   Сарин Жеңіс Тұрлыбекұлы;

«Ең үздік инспектор» - 12 ӨСБ-нің испекторы өртке қарсы қызмет аға инспекторы Оралов Бауыржан Махамбетәліұлы;

«Ең үздік бөлім командирі» - 5 МӨСБ-нің бөлім бастығы өртке қарсы қызмет сержанты Қабдолла-тегі Айдос Бауыржанұлы;

«Ең үздік өрт сөндіруші» - 2 ӨСБ-нің аға өрт сөндірушісі өртке қарсы қызмет сержанты Рахымжанов Данияр Әділбекұлы;

«Ең үздік кіші инспектор» - 14 ӨСБ-нің кіші инспекторы өртке қарсы қызмет сержанты Пригородов Виктор Анатольевич.

Астана қаласы ТЖД-нің баспасөз қызметі


 
Система Orphus