Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Әрбір азамат қауіпсіздік қағидаларын білгені абзал

Әрбір азамат қауіпсіздік қағидаларын білгені абзал

PDF Баспаға жіберу
31.08.2016 11:04

Қазіргі таңда қоғамымыздағы азаматтарымыздың жауапсыздығы мен немқұрайлығы аяқ астанынан болатын төтенше жағдайлар мен қайғылы оқиғалардың себептері болуда. Аталмыш жағдайларды болдырмау үшін қауіпсіздік органдары әрдайым тұрғындарды қауіпсіздік қағидаларымен таныстырып, төтенше жағдай кезіндегі іс-әрекеттерге үйретуге бағытталған профилактикалық іс-шаралар өткізеді.

Сонымен, 2016 жылдың 26 тамызында Астана қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы «Билайн Қазақстан» байланыс операторымен бірлесіп «Статус» БО әкімшілік ғимаратында оқу-жаттығу өткізді. Аталған оқу-жаттығудың негізгі мақсаты ғимараттан адамдардың қауіпсіз жерге шығарылуын қамтамасыз ететін қызметшілерді оқыту, шартты өртті сөндіру мен ауыздықтау кезіндегі жедел штабтың әрекетін көрсету болып табылды.

Оқу-жаттығуды өткізу барасында өрт кезіндегі қызметшілердің әрекеттері көрсетілді, ғимараттан 595 адам қаупсіз жерге шығарылды, олар АҚ 12 құрамасын құрайды.

Осы іс-шараның басты мақсатын, ғимараттан қауіпсіз шығаруды жүзеге асыру бойынша, тек қана құтқарушылардың ғана емес, сонымен қатар әкімшіліктің, қызметкерлердің өрт кезіндегі әрекеттерін теориялық тұрғыда алған қауіпсіздік ережелерін тәжірибе жүзінде іске асырылды. Сонымен қатар, өткізілген шара оқу-жаттығуға қатысқан бөлімшелер мен ұйымдардың арақатынасын нығайғу да өз септігін тигізді.

Азаматтвқ қорғаныс саласындағы осындай профилактикалық іс-шаралардың тұрақты түрде өткізілмеуі қайғылы жағдайларға алып келуі мүмкін. Төтенше жағдайлар кезінде қауіпсіздік ережелерін білмейтін, қандай әрекеттерді іс асыру керектігінен бейхабар адамның аман қалуы және өз жақындарын құтқара алуы екіталай. Азаматтық қорғаныс саласының басшылығындағы әрбір бастық аталмыш іс-шаралардың маңыздылығы мен үнемі ұйымдастырылуының артықшылықтарының мәнісін түсіне білу керек. Әрбір оқу-жаттығу азаматтық қорғаныс қызметкерлері мен тұрғындарға бірдей нәтиже береді. Біреулері қауіпсіздік ережелерінен хабардар болса, екіншілері өздерінің кәсібилігін шыңдай түседі.

Елордалық құтқарушылар көмек қолын созуға және құтқаруға әрдайым дайын, десек те, әрбір азамат та өздеріне белгілі бір жауапкершілік жүктегендері абзал. Кез келген тұрғын өрт қауіпсіздігі ережелері мен қауіпсіз жерге шығару қағидаларын, төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттер тізбегімен таныс болғаны дұрыс.

 


Астаны қаласы ТЖД Азаматтық қорғау басқармасы


 
Система Orphus