Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Қауіпсіздік ережелерімен білім әлеміне

Қауіпсіздік ережелерімен білім әлеміне

PDF Баспаға жіберу
01.09.2016 10:37

1 қыркүйек – білім күні! Бүгін барлық оқушылар үшін маңызды әрі ерекше күн. Елорданың барлық мектептері мен лицейлерінде ата-аналар мен қонақтардың да қатысуымен салтанатты ылғашқы қоңырау жиыны өтуде. Биыл осындай жиындардың біріне Астана қаласы ТЖД «Сарыарқа» ауданы ТЖ басқармасының қызметкерлері де қатысып келді. Басқарма атынан Күнтуарова Мейрамгүл сөз сөйледі. Оқу жылының басталуымен құттықтаған М.Күнтуарова оқушыларға сәттілік пен үлкен жетістіктер тіледі.

Сонымен қатар қоғамымыздағы адам көп шоғырланатын орындарда, мектепте, тұрмыста, көлікте және көшеде төтенше жағдайларды болдырмау үшін, қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін өрт қауіпсіздігі ережелерін де атап өтті. Мысалдар келтіріліп, балалардың отпен ойнауынан, балаларды қараусыз қалдырудан туындайтын өрт оқиғаларынан және су тоғандары мен су жағасындағы қауіпсіздік қағмдаларын да ескертіп кетті.

Осы орайды пайдаланып, М.Күнтуарова тұрғын үйлерде жүргізілетін өрт қауіпсіздігі айлығының басталғанын да сөзге тиек етіп, пеш жағу маусымының басталуына байланысты ескерту негізіндегі жадынамалар таратты. Қауіпсіздіктің негізгі шаралары: дұрыс монтаж бен жағу пештерінің эксплуатациясы; өрт туғызуы мүмкін бұзылған электр өткізгіш сымдарды тағы басқа құралдарды уақытылы ауыстыру; электр жылытқыштарды нұсқаулық бойынша қолдану; отпен кез келген жағдайда абай болу және т.с.с.

Айта кетсек, «Сарыарқа» ауданының территориясында Басқарма өрт қауіпсіздігі негізінде әрқашан тығыз байланыста бірлесіп жұмыс істейтін 137 білім беру ошақтары орналасқан.


УЧС района «Сарыарка» ДЧс г.Астаны


 
Система Orphus