Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Астанада «Қауіпті, мұзқату!» тақырыбында брифинг өтті

Астанада «Қауіпті, мұзқату!» тақырыбында брифинг өтті

PDF Баспаға жіберу
27.11.2013 11:51

Қарашаның 27-і күні Астана қаласы ТЖД-нің «Суда құтқару қызметі» ММ-де «Қауіпті, мұзқату!» тақырыбындағы брифинг өтті. Оған бірқатар республикалық және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты. «Суда құтқару қызметі» ММ-нің бастығы Саврук Георгий Гордеевич журналистерге берген сұхбатында, қарашаның 24-нен бастап мұздың қатуына байланысты, өзеннің үстінде 8 см-ді мұз бар. Осындай мұзқату кезеңінде бірқатар қайғылы жайттар орын алып жатады. Бұның басты себебі – суайдындарындағы абайсыздық салдары. Мұздың толығымен, қажетті өлшемде қатуы үшін кем дегенде 2 апта өтуі керек. Брифинг барысында, суда құтқару қызметінің құтқарушылары БАҚ өкілдеріне мұз астына кеткен адамды қалай құтқару қажеттігін  тәжірибе жүзінде көрсетті.

Астана қаласы ТЖД-нің Суда-құтқару қызметі ескертеді:

  • Дұрыс қатпаған, жұқа мұзға шығуға болмайды.
  • Жарылған мұзға, шұқанаққа, ойықтарға жақындауға болмайды.
  • Күзгі мұздың үстінде топпен жиналу қауіпті.
  • Көлік құралдарымен судың бетіне шығу қауіпті.
  • Қараңғы түскен кезде, айнала дұрыс көрінбеген жағдайда мұзға шығу қауіпті.

 

Есте сақтаңыздар, мұзқату кезеңінде, қайғылы жайттар көбінесе балалардың қатысуымен болады. Балалардың өз беттерімен өзенге бармауларын қадағалаңыздар!

Астана қаласы ТЖД-нің баспасөз қызметі


 
Система Orphus