Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Отбасы күніне орай астаналық құтқарушылар «Әкем, анам және мен – спортшымыз шетінен» атты жарыс өткізді.

Отбасы күніне орай астаналық құтқарушылар «Әкем, анам және мен – спортшымыз шетінен» атты жарыс өткізді.

PDF Баспаға жіберу
12.09.2016 03:31

Қазақстан Республикасы халқына арнаған «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» Жолдауында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев салауатты өмір салтын күшейтуге нұсқау беріп, саяси басым бағдарламаларының бірі отбасылық құндылықтарды үгіттеу, өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуде отбасының рөлінің маңыздылығын үнемі айтып келеді.

Астана қаласы ТЖ департаментінің кадрлық жұмыс бөлімі 10 қыркүйек күні «Құтқарушы» спорт кешенінің территориясында «Отбасы күні» мерекесіне орай «Әкем, анам және мен – спортшымыз шетінен» атты қызметкерлер жанұялары арасында спорттық жарыс және концерттік бағдарлама ұйымдастырды.

Іс-шараны Басқарма бастығы азаматтық қорғау подполковнигі О.М.Абрахманов салтанатты түрде ашты.  «Мерекенің ең негізгі мақсаты болып отбасылық арақатынастардың нығаюы, өскелең ұрпақты тәрбиелеу және салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады»-деп атап өтті өзінің құттықтау сөзінде О.М.Абдрахманов.

Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығының орынбасары: осындай іс-шараларды ұйымдастыру арқылы ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастың беріктігінен салауатты өмір салтына негізделген қызметкерлеріміздің де жұмыс істеу қабілеттерін арттыру кепіліне қол жеткізе аламыз , - деп атап өтті азаматтық қорғау полковнигі А.А.Федоров..

-                     Балалардың күлкісінен артық не бар? Бүгінгідей мерекелік шараларды өткізудің қажеттілігін балаларымыздың қуанышты жүздерінен-ақ көрегу болады, Департаменттің кадрлық жұмыс бөлімі тек өздерінің қызметкерлерінің дене шынықтыруына ғана мән беріп қоймай, олардың отбасы мүшелерінің де физикалық дамытуына назар аударуы өте қуанышты жайт. Жанұямыздың атынан ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз, бүгінгі жарысқа қатысу арқылы біз жанұямыздың берік те тату-тәтті отбасы екенін тағы бір мәрте түсіндік,- деп өз сезімімен бөлісті «Барыс» командасының қатысушысы.

Отбасы күні әр жыл сайын қыркүйек айының екінші жексенбісі мерекеленетін мейрам. Бұл мереке 2013 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілді және қоғамдағы отбасылық құндылықтар мен рухтың дамуына, жанұялардың сақталуына септігін тигізуге бағытталған.

«Әкем, анам және мен – спортшымыз шетінен» жарысының  бағдарламасына сәйкес   4 команды 3 отбасыдан біліктілік пен ептілікке жарысты. Жауынгерлік қызметтік дайындық бөлімше бастығы Е.А. Қойшыбаев жарыстың бас бапкері болды. Басқа бапкерлер жарыстың басты ережелерімен таныстырды.  Өткізілген 11 жарыстың нәтижесі бойынша жүлделі орындар анықталды.  Бірінші орын «Қыран», екінші –«Барыс» және үшінші орын - «Самұрық» командалары жеңіп алды. Жарысқа қатысушылардың барлығына ескерткіш сыйлықтар табыс етілді.

 

Астана қаласы ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы


 
Система Orphus