Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Салауатты ұрпақ – елдің жарқын болашағы

Салауатты ұрпақ – елдің жарқын болашағы

PDF Баспаға жіберу
14.09.2016 06:38

«Дені сау дене – салауатты рух» деген ұранмен №4 орта мектебінің оқушылары республикалық «Қазқұтқару-2016» жиын-семинарына аттанды.

Қыркүйек айынынң 12-сі мен 22-сі аралығында «Жартасты қала – Астана» полигонында «Қазқұтқару-2016» жиын-семинары өткізіліп жатыр, онда Астана қаласынан, Жамбыл, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстарынан жас құтқарушылардың 4 команда қатысуда.

Өткен демалыс күндерінде Астана қаласы ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Ш.Ш.Жармағамбетов «Жас саяхатшы-құтқарушылар» үйірмесінің елордалық құрамаға кірген спортшыларымен кездесті. «Бұл осындай ауқымды іс-шараның ортасында болуға үлкен мүмкіндік. Сіздер өскелең ұрпақсыздар, біздің мемлекетіміздің болашағы сіздерге байланысты. Еліміздің жарқын болашағы салауатты өмір салтын ұстанатын ұрпақ екенін жақсы түсінесіздер»,-деп атап өтті подполковник Ш.Ш.Жармағамбетов.

Сонымен қатар өз сөзінде басшы жас құтқарушыларды жыл сайынғы «Қазқұтқару-2016» жиын-семинарына қатысушыларды құттықтап, сәттілік тілеп өздерінің тәлім-тәжірибелерін жоғары деңгейде көрсетуін сұрады.

Елордалық құраманың жаттықтырушысы А.А. Царёв «Біздің үйірмеде мүмкіндіктер жақсы жасалған, балалар аптасына 2 рет жаттығады. Сонымен қатар біз далалық жағдайларға да шығып жаттығамыз. Біз оқу-жаттығуларға қатысқысы келетіндердің жас мөлшерін шектемейміз, бірақ негізінен олар 13 пен 17 жас аралығындағы балалар. Кейбір балалар өздерінің болашақтағы мамандық таңдауларына еңбектенеді, олар ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтына түскілері келеді. «Қазқұтқару-2016» жиын-семинарының алдында балалардың көңіл-күйлері жақсы, олардың барлығы жеңіске жетуге талпынады»,-деді өз ойымен бөлісіп. Сонымен, айта кетсек, ең жас қатушысымыз Жазыбекова Ақжібектің жасы 12-де. «Маған осы үйірмеге келген ұнайды, мен мұнда тек қана сенімді достар тауып қана қоймай, күшті әрі батыл болуды үйреніп жүрмін. Біз әр кез сайын нағыз құтқарушыға тән жаңа және пайдалы іс-әрекеттермен танысамыз»,-дейді өзінің «Жас саяхатшы-құтқарушы» үйірмесі туралы Ақжібек.

Бүгінгі таңда жастар арасында қауіпсіздің ережелерін насихаттайтын және отансүйгіштікке тәрбиелейтін аталмыш іс-шараларды өткізу өте маңызды.


Астана қаласы ТЖД Төтенше жағдайларды жою бөлімі


 
Система Orphus