Астана қаласы ТЖД-нің қызметкері «Хабар» телеарнасындағы «Біз» ток-шоуына қатысты

Баспаға жіберу
27.11.2013 12:17

Қарашаның 26-ы күні Астана қаласы ТЖД-нің «Алматы» аудандық ӨСБ-нің қызметкері Еркін Отарғалымұлы «Хабар» телеарнасындағы «Біз» ток-шоуына қатысты.

Бағдарламаның тақырыбы қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелеріне қатысты болды. Түсірілім барысында, жылыту пештері мен жылыту құралдарын   пайдаланудың ережелері қарастырылды. Сонымен қатар, ток-шоуға қатысушыларды балалардың отпен ойнауларының салдары мен ата-аналардың салғырттық салдары қызықтырды. Өз кезегінде Е.Отарғалымұлы, Астана қаласы ТЖ департаменті алдын-алу шараларын үнемі жүргізетіндігін тілге тиек етті. Қыс мезгіліндегі өрттердің басым бөлігі жеке тұрғын секторында орын алатындықтан, мұндағы басты себеп, уақытша тұрғызылған немесе саяжайлық үйлерде дұрыс орнатылмаған пештердің салдарынан орын алатындығы да айтылды.

Бағдарлама барысында, Департамент маманы көрермен қауым мен ток-шоуға қатысушыларға жылыту желілерін қолдану тәртібі, электротехникалық құрылғыларды қолдану тәртібі жайында баяндады.

 

Астана қаласы ТЖД-нің баспасөз қызметі