Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Мәселелерді бірге шешу

Мәселелерді бірге шешу

PDF Баспаға жіберу
22.09.2016 11:40

21 қыркүйек күні Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінде Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың, Әділет департаментінің, қалалық прокуратураның, Астана қаласы Тұтынушылар палатасының және ҚР ІІМ ТЖ комитетінің, «Алматы», «Сарыарқа», «Есіл» аудандары ТЖ басқармалары өкілдерінің қатысуымен «Тексеру шараларын іске асырудағы мәселелі сұрақтар» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті

Департаменттің инженерлі-инспекторлық құрамы өз қызметі шеңберінде дөңгелек үстел барысында талқыланған мәселелермен кездесіп тұрады. Дөңгелек үстелде өзекті мәселелерді талқылап қана қоймай, оларды шешу үшін алдағы уақытқа тапсырмалар қойылды. Аталған шараға төрағалық еткен М.С.Қайсанов атап өткендей, «Осындай дөңгелек үстелдер біздің жұмысымызды жақсартуға көмектеседі, нәтижелі қызмет атқару үшін алдағы уақытта да бірлесіп жұмыс істейміз деп үміттенеміз».

Шараны қорытындылай келе, азаматтық қорғау полковнигі М.С.Қайсанов тақырып көлемінде талқыланған сұрақтардың тек қана елордалық гарнизонда ғана емес, ІІМ ТЖК өңірлік Департаменттерінде де өзекті екенін айтып кетті. Ең соңында отырыс төрағасы қонақтарға қатысып сұрақтарды талқылауға көмектескені үшін алғыс білдірді.

 

Астана қаласы ТЖД МӨББ ӨБжӨҚСПЖ бас маманы

азаматтық қорғау майоры А.С.Баширова


 
Система Orphus