Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Астаналық ТЖ департаментінде «Өрт қауіпсіздігі айлығының қорытындылары және қысқы кезеңде болатын өрттердің алдын-алу» тақырыбында брифинг өтті

Астаналық ТЖ департаментінде «Өрт қауіпсіздігі айлығының қорытындылары және қысқы кезеңде болатын өрттердің алдын-алу» тақырыбында брифинг өтті

PDF Баспаға жіберу
29.09.2016 08:45

Қыркүйектің 29-і күні Астана қаласы ТЖ департаментінде «Өрт қауіпсіздігі айлығының қорытындылары және қысқы кезеңде болатын өрттерді алдын-алу» тақырыбында брифинг өтті. Бринг барысында Астана қаласы ТЖД бастығының орынбасары М.С.Қайсанов пен баспасөз қызметінің жетекшісі А.Ж.Фазылова баяндамасын оқыды.

Астана қаласының аумағында 2016 жылдың 9 айы ішінде 506 өрт оқиғасы тіркелген. Жеке тұрғын секторында 254 өрт оқиғасы тіркелген.

Өрттердің салдарынан 13 адам көз жұмып (олардың 3-і балалар)  (2015ж. – 18 (2 бала).   Адамдардың өрттің салдарынан көз жұмуларының негізгі себептерінің қатарында алкологольдік ішімдік, ұйқыда болу, кішкентай балаларды қараусыз қалдыру оқиғалары бар.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Департаментпен Өрт қауіпсіздігі айлығы ұйымдастырылды және қазан айының 15 –де дейін жалғасуда. Оның барысында инженерлік-инспекторлық құраммен негізгі жұмыс – өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау бойынша үгіт-насихаттық жұмыстарға бағытталды.

Тұрғын секторындағы орын алатын өрттердің басым бөлігі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау салдарынан және жылыту пештерін қолданудағы ақаулықтар салдарынан орын алады. Ауа температурасының төмендеуі мен аталмыш себептердің салдарынан өрттердің арту фактілері тұспа-тұс келеді.

Өрт қауіпсіздігі айлығы кезінде 16082 тұрғын үй, ал жыл басынан бастап 21322 тұрғын үй араланды. Астана қаласы ІІД бірлесіп тұрғылықты жері белгісіз тұлғалар болуы ықтимал орындарға 5 рейд жүргізді, жағдайы нашар отбасылардың үйлері қаралып, оларға өрт қауіпсіздігінің нормалары мен ережелері түсіндірілді.

Өрт сөндіру көліктеріне орнатылған дыбыс ұлғайтқыш құрылғыларының көмегімен де тұрмыстағы ӨҚ ережелері жайында айтылды.

Сондай-ақ тұрмыстық өрттердің алдын алу мақсатында қаланың жарық диодты экрандарында, адамдар көп шоғырланатын орындарында (ХҚКО, МАИ, Халық банкі т.б.), қала көліктерінің салондарында өрт қауіпсіздігі шаралары туралы үгіт-насихат сипатындағы бейнероликтер жарияланды.

Аудандық ТЖБ инженерлік-инспекторлық құрамы бекітілген аумақтар бойынша тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі жөніндегі үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуді одан әрі жалғастыратын болады.



 
Система Orphus