Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Елордалық құтқарушылар «Қауіпсіздік әр үйге» спорттық марафонын өткізді

Елордалық құтқарушылар «Қауіпсіздік әр үйге» спорттық марафонын өткізді

PDF Баспаға жіберу
30.09.2016 09:33

Бүгін, 30 қыркүйек күні елордалық мәдениет саябағында Құтқарушылар күніне орай «Қауіпсіздік әр үйге» ұранымен марафон ұйымдастырылды. Жауынды ауа-райына қарамастан, марафонға қатысушыларды көңіл-күйлері көтеріңкі болып, олардың әрқайсысы тек жеңіске қол жеткізуге бел буған еді. Іс-шараға астаналық ТЖД, «ӨС және АҚЖҚ» ММ, «Өрт сөндіруші» АҚ қызметкерлері қатысты.

Старттағы жүгірушілер де қарапайым қызметкерлер емес, олардың барлығы Тәуелсіздік құрдастары. 30-дан астам қатысушылардың бәрі жүлделі орындар үшін лайықты болды. Сонымен қатар марафон барысында елордалық құтқарушылар өз қызметтерін атқаруда пайдаланатын күш-құралдары қатарындағы арнайы техникалардың көрсетуін ұйымдастырды.

Марафон кезінде жиналған елорда тұрғындары мен қонақтарына «Жас құтқарушы» клубының оқушылары мен еріктілер өрт қауіпсіздігі ережелері туралы жадынамаларды таратты. Өйткені өрт қауіпсіздігі ережелерін қандай жағдайда да қаперден тыс қалдыруға болмайды, әсіресе адам көп шоғырланатын орындарда.

Қатысушылар аз да емес, көп те емес 5 километр қашықтықты жүгіріп өткенше, шараның ұйымдастырушылары елордалық тұрғындар мен қонақтарды Қазақстан Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған мерекелік концерттік бағдарламалармен қуантты. Сөз кезегін алған Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының м.а. азаматтық қорғау полковнигі М. Қайсанов «Құтқарушылар мамандығына  қоғам қашан да зәру болады. Құтқарушылар үшін батырлыққа толы күндері – күнделікті жұмысы. Қауіпті де ауыр жұмыс. Биылғы жыл барша қазақстандықтарға ерекше. Дәл биыл біздің Тәуелсіздігімізге 25 жыл толғалы отыр», - деп атап өтіп, марафонға қатысушыларға сәттілік тіледі. Спорттық жарыстың қорытындысы келесідей болды: 1 орын – Мурашкин В., 2 орын – Шахметов М., 3 орын – Оспанов З. Қыздар арасында Баранник Камила топ жарды.

 

Астана қаласы ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы


 
Система Orphus