Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты ТЖ қызметінің құрылған күніне орайластырылған салатанатты жиын Астаналық Департаментте өтті

ТЖ қызметінің құрылған күніне орайластырылған салатанатты жиын Астаналық Департаментте өтті

PDF Баспаға жіберу
19.10.2016 11:28

19 қазан күні Астаналық ТЖ Департаментінде, Құтқарушы күніне орайластырылған салтанатты іс-шара өтті.

Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаев 1995 жылғы 19 қазанда төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті орталық атқарушы органды құру туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл ТЖ-ның алдын алу және оларды жоюдың тиімді жүйесін құру ісіндегі шешуші сәт болды.

Іс-шараны құттықтау сөзімен Астана қаласы ТЖД-нің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Б.О.Дұзақбаев ашты. Өз сөзінде мекеме басшысы табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын-алу мен жою саласында қол жеткізген жетістіктерге тоқтала кетіп, азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсібиліктерін тілге тиек етті.

Іс-шарада ҚР Ішкі істер министрі, генерал-лейтенант Қ.Н. Қасымовтың Құтқарушылар күнімен құттықтау сөзі оқылды, ол құтқарушылар мамандығы – ең басты міндеті адамдар өмірін құтқару болып табылатын жоғары және жауапты миссия екенін атап өтті. Ержүректік, батылдық және абырой – күнделікті жұмыста және ең қиын жағдайларда танылатын әрбір қазақстандық құтқарушыға тән қасиеттер.

Сондай-ақ, Министрдің бұйрығына сәйкес, ТЖ жою және алдын-алу мемлекеттік жүйесінің нығаюы мен дамуына белсенді қатысқандары үшін, ҚР өмір қауіпсіздігі саласындағы жеткен жетістіктері үшін Департамент қызметкерлері медальдармен, алғыс хаттармен марапатталды.


Астана қаласы ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы


 
Система Orphus