Астаналық Департаментте «Төтенше жағдайлар органдары ардагерлерінің қазақстандық ұйымы» қоғамдық бірлестігі Төралқасының мәжілісі өтті

Баспаға жіберу
09.12.2013 07:02

6 желтоқсан күні ҚР ТЖМ аппарат басшысы С.К. Оқасовтың қатысуымен «Төтенше жағдайлар органдары ардагерлерінің қазақстандық ұйымы» қоғамдық бірлестігі Төралқасының мәжілісі өтті.

Төралқа жұмысына Төралқа мүшелері - Келден Есенұлы Әбдірахманов, Қадырлы Бөкішұлы Тоқсарин,  Азгар Динмухамедович Мухаметшин, Николай Павлович Поздин, Сапарғали Асылбекұлы Асылбеков, Әбдірахман Көжекұлы Бекешев, Мұқатай Смағұлұлы Есентаев қатысты.

«Төтенше жағдайлар органдары ардагерлерінің қазақстандық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы К.Е. Әбдірахманов «Төтенше жағдайлар органдары ардагерлерінің қазақстандық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің  2013 ж. атқарған жұмысы, сондай-ақ «Төтенше жағдайлар органдары ардагерлерінің қазақстандық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің ең үздік филиалы» атауына байқау-конкурсты өткізу бойынша,  Министрліктің 2013 жылғы 11.07 № 301 бұйрығын іске асыру барысы жайында  сөз сөйледі.

Астана қаласы ТЖД-нің баспасөз қызметі