Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Өрт сөндіру қызметінде терроризммен күресу негіздерін талқылады

Өрт сөндіру қызметінде терроризммен күресу негіздерін талқылады

PDF Баспаға жіберу
15.11.2016 03:18

«Терроризм — бүгінгі күні белгілі бір негізі жоқ және қорқыныш пен үрей туғызатын сөз. Террористік топтардың жасаған ірі актілері терроризмге қарсы күрес туралы ойлануға мәжбүрлейді. Бұл бір ғана мемлекеттің емес, бүкіл әлемнің қасіреті болып отыр.

Елордалық құқық қорғау органдары халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Көптеген қауіпсіздік Қызметтерімен бірлесіп қызметкерлердің біліктілік деңгейлерін арттыру үшін терроризмге қарсы күрес мәселелеріне қатысты профилактикалық шаралар өткізіп келеді.

Осыған орай, 11 қараша күні Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ-нде ҚР ҰҚК Терроризмге қарсы орталығының өкілі Максименко Владимир Иванович терроризм қаупінің қаншалықты деңгейде екенін түсіндірді, сонымен қатар терроризм мен экстремизмнен адамдарды, қоғамды және мемлекетті қорғауға қандай шаралардың қолданылып жатқанын атап өтті.

ҚР ҰҚК ТҚО өкілімен кездесіп қана қоймай, жиналыста «Хазірет Сұлтан» мешітінің имамы М.М.Қайырғалиев қызметкерлермен рухани және діни құндылықтар мәселелері туралы сөз қозғады.


Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ



 
Система Orphus