Қалыпты нұсқасына көшу Тіл: Қазақша Русский 

Басты Астанада «Қыс - 2016» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтті

Астанада «Қыс - 2016» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтті

PDF Баспаға жіберу
17.11.2016 13:41

17 қараша күні Астанада «2016-2017 жылдардың қыс мезгіліндегі төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша әрекеттерге басқару органдары мен азаматтық қорғау жүйесінің мемлекеттік күштерін дайындау» тақырыбында «Қыс-2016» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті.

Оқу-жаттығудың мақсаты қыс мезгіліндегі төтенше жағдайлардың алдын алу және жою үшін қалалық азаматтық қорғаныс жүйесінің дайындығы мен мүмкіндігінің  деңгейін арттыру болып табылды.

Бүгінгі «Қыс – 2016»  РКШОЖ 5  оқу алаңында өтті. Ең бірінші оқу алаңы «Қаланың авариялық-құтқару қызметтері мен жасақтарының сап түзеуі» болды.  Астана қаласының жедел әрекет ету жасағы апаттардың салдарын жою, жарақат алғандарға алғашқы медициналық көмекті көрсетуге және Астана қаласының аумағындағы  төтенше жағдай орындарынан оларды қауіпсіз жерге  бір сағаттың ішінде көшіру үшін арналған. Астана қаласы ТЖ департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Б.О.Дұзақбаев қызметтер техникасы мен қызметкерлерінің дайындығын өзі тексерді.

Оқу-жаттығудың жоспарына сәйкес, екінші оқу алаңында құтқарушылар алдында Көкшетау-Астана сапарлы автобусының жолаушыларын ЖКО салдарынан авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізі барысында қауіпсіз жерге шығару міндеті тұрды. 112 құтқару қызметіне Көкшетау-Астана сапарлы автобусының жолаушыларынан 39-шақырымда қалың қардың құрсауында қалғандары туралы телефон қоңырауы келіп түседі. Департаменттің жедел кезекшісінің анықтаған ақпараттарына сәйкес автобуста 10 ересек адам бар. Жедел көмек көрсету үшін төтенше жағдай орнына Департаменттің күштері мен құралдары бағытталады, құтқарушы жасақ пен медициналық бригада өтімділігі жоғары Трэкол автокөліктерінде жолға шығып, өз міндеттерін мүлтіксіз атқарды.

Үшінші оқу алаңында  «Қарлы боранда азаматтарды іздеу» жоспарына сәйкес, төтенше жағдайлар саласынынң қызметкерлері қарлы бораннан жапа шеккен, адасқан адамдарға кинологтар көмегімен жәрдемдесті. Төмен ауа температурасы мен желдің секундына 25 метр ұйытқуы кезінде жақын маңдағы елді мекенге шыққан адамдар тобы қарлы боранда қалады. Қарлы боран жолды жауып, жолға шыққан адамдар адасып кетеді. Құтқарушылар жапа шеккендермен бірге «Қабылдау, жылыту және медициналық, психологиялық көмек көрсету пунктерінің дайындығы» деп аталатын оқу-жаттығудың төртінші алаңына бет бұрды. Төтенше жағдай орнында жапа шеккендерге қаланың сауда және тамақтану қызметімен жылыту және тамақтану пунктері орналастырылды.

Жоғырада аталғандармен қатар, құтқарушылар «Электрэнергиялық желілердегі электрөткізгіш сымдардың үзілуін жою» тапсырмаларын да жүзеге асырды.  Департаменттің кезекшілік қызметінің ақпаратына сәйкес Астана қаласы Алматы ауданының Индустриалды саябағы ауданында қатты бұрқасын жел мен мұздың салдарынан электрөткізгіш сымдардың үзілуі орын алған. Өздерінің мол тәжірибесі мен жедел де нақты іс-әрекеттерінің арқасында оқу-жаттығуға қатысушылардың барлығы аталған міндеттер мен тапсырмаларды уақытылы әрі сапалы орындады.

Өз сөзінде Департамент бастығы азаматтық қорғау полковнигі Б.О.Дұзақбаев «Бүгін біз Астана қаласының жедел әрекет ету қызметтері дайындықтарының қаншалықты деңгейде екеніне куә болдық. Сонымен қатар оқу-жаттығудың жапа шеккендерге медициналық қызмет көрсету, жолаушыларды қауіпсіз жерге құтқару және шығару бойынша тактикалық-мамандандырылған іс-әрекеттері сараланды. Және бүгінгі оқу-жаттығу алдына қойған мақсаттарына жетті деп санаймын»,-деді.

Аталмыш оқу-жаттығуға 37 бірлік техника және жеке құрамнан 120 адам жұмылдырылды.

 

Астана қаласы ТЖД  мемлекеттік тіл және ақпарат тобы