Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты «Күш - білімде» Елордалық өрт сөндіру қызметінде сынақ өтті

«Күш - білімде» Елордалық өрт сөндіру қызметінде сынақ өтті

PDF Баспаға жіберу
15.12.2016 14:08

2016 жылғы 14 желтоқсанда Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ – нің 70 қызметкері  ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының 2016 жылғы 24 қарашадағы № 327 бұйрығымен бекітілген ҚР ІІМ ТЖК облыстар мен Астана, Алматы қалалары Төтенше жағдайлар департаменттерінің регламенті бойынша сынақ тапсырды.

Сынақ тапсыруға аппарат басқармасының қызметкерлері, өрт сөндіру бөлімшелерінің бастықтары, орынбасарлар және Астана қ. ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ  іс қағаздарын жүргізуге жауапты қызметкерлер қатысты.

Сынақ кезінде қызметкерлер қызмет атқару барысында кездесетін, толғандырған сұрақтарын қойды, Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі Р.М. Ильчубаев сұрақтарға толық жауап беріп, қызметтің кейбір тұстарын түсіндіріп өтті. «Білімді мыңды жығады. Білім – асыл қазынамыз, осы байлықты әруақытта шыңдап, толықтырып отыру қажет», - деп атап өтті азаматтық қорғау подполковнигі Руслан Мұқанұлы.

Қорытындылай келе жеке құраммен өткізілген әрбір жиналыстың өзіндік тәрбиелік мәні бар деп айтуға болады.

Астана қ. ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ ҚҚБ басшысы А. Септенова


 
Система Orphus