Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты 2017 жылдың басынан бері елордалық құтқарушылар қар құрсауынан 12 адамды құтқарды

2017 жылдың басынан бері елордалық құтқарушылар қар құрсауынан 12 адамды құтқарды

PDF Баспаға жіберу
05.01.2017 04:14

Көптеген отандастарымызға жаңа жылдың алғашқы күндері ауа – райы қолайсыздығымен есте қалды: өңірлердің көбінде қала аралық тас жолдар жабылып, қозғалыс шектелді.

1 және 4 қаңтар аралығында елордалық құтқарушылар 10 - нан аса адамды эвакуациялауға қатысты. Аталған уақыт аралығында 7 смс – хабарлама таратылды: дауылды алдын – ала ескерту бойынша – 3 және тас жолды жабу туралы – 4. Бірқатар ескертулер мен смс – хабарламаларға қарамастан, жолға шыққан азаматтар аз болмады.

01.01.2017 ж., Көкшетау тас жолының бойындағы дала жолында қар құрсауында бірнеше автокөлік тұрып қалды. 1980, 1992, 1982 жылы туылған азаматтар мен 1986 жылы туылған азаматша эвакуацияланды.

01.01.2017 ж., Көкшетау тас жолы, Бозайғыр кентінде қар құрсауында автокөлік тұрып қалды. 20-55 орынға шығу болып, айналмалы тас жолда екі әйелді балаларымен (1999 және 2016 жылы туылған) қалаға дейін эвакуациялады.

01.01.2017 ж., Ақмола облысы, Астрахан ауданы, Астрахан тас жолы, Ақмешіт кенті. 1963 жылы туылған азамат эвакуацияланып, кардиологиялық бөлімшеге жеткізілді.

02.01.2017 ж., Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Нұрлыжол кенті. Шығу сағ. 01-08 - де. Баланың хал – жағдайы нашарлауына және жолсыздық себебінен жолға шыға алмау туралы ақпарат бойынша орынға шығу болды. 2016 жылы туылған бала ауруханаға эвакуацияланды.

02.01.2017 ж., Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Астана - Қабанбай батыр тас жолы, «Рубеж - Жайна» бекетінен кейін  1км.  1988 жылы туылған азамат ауруханаға эвакуацияланды.

 

 

Астана қ. ТЖ Департаменті естеріңізге салады:

Қала тұрғындарына:

- ауа – райы туралы ақпаратты тұрақты бақылап отырыңыз, сыртқа шығар алдында термометрге қараңыз, ауа – райына сәйкес киініңіздер;

- балаларды қараусыз қалдырмаңыздар;

- өз денсаулығыңызға мұқият болыңыз – ағзаның сууына және үсуіне жол бермеңіз;

Автокөлік иелеріне:

- көлікте ықшам жылытқыш құралын ала жүріңіздер;

- түнде, боран кезінде жолға шықпаңыздар;

- дүрлікпей, сабырлық сақтаңыздар;

- жолға шыққанда телефонды зарядтау құрылғысын ұмытпаңыздар;

- жол жүргенде борандатса – тас жолдан ауытқымай, телеграфтық және электр бағаналарын бетке ұстап жүріңіздер, өйткені оларда салыстырмалы түрде қар басып қалу ықтималдығы төмен;

- қайғылы оқиғаларға ұшырамас үшін жол жүрістер мен алыс сапарларға шығуды барынша шектегеңіз абзал, әсіресе түнге қарай және ауа – райы бұзылғанда.

 

Астана қаласы ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы


 
Система Orphus