Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Елордалық мектеп бітіруші сыныптардың оқушыларымен кездесу өтті

Елордалық мектеп бітіруші сыныптардың оқушыларымен кездесу өтті

PDF Баспаға жіберу
17.01.2017 13:47

Көкшетау техникалық институты білікті офицерлерді дайындайтын Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орны болып табылады. Кәсіби, моральді тұрғыда тұрақты, әрі кез-келген жағдайда дұрыс әрекеттерді қабылдай алатын, төтенше жағдайлар органдарының бөлімшелерінде қызмет ету үшін мамандарды даярлайтын жоғарғы оқу орны.

ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтына оқуға тапсыру үшін, ақпанның 16 - ы күні Астана қаласының № 58 және 18 мектептерінде 9-11 сынып түлектерімен кездесу өтті. Жалпы алғанда Астана қаласы ТЖД «Сарыарқа» ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері өткізген кездесуге 187 оқушы қамтылды.

Кездесуге Астана қаласы ТЖД «Сарыарқа» ауданының ТЖБ бас маманы азаматтық қорғау капитаны М.А. Басболатов, Астана қаласы ТЖД «ӨС ж АҚЖҚ» ММ кадрлық жұмыс бөлімінің бастығы Б.Ж.Кажекеев, сонымен қатар Көкшетау техникалық институтының аға оқытушысы аға лейтенант Р.А. Шарипов қатысты.

Кездесу барысында ТЖД өкілдері институтта оқудың ерекшеліктеріне тоқталып, бүгінгі күні бұл мамандықтың үлкен сұранысқа ие екендігін тілге тиек етті. Сонымен қатар, олар казармалық тәртіптегі курсанттық күндер жайында айтып, артықшылықтарын ескеріп, соңына қарай оқушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

«Тұрақты түрде кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізіледі және оқушылар мен жастар арасында ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтына оқуға түсу шарттары жайында толыққанды айтылып отырады. Сондай – ақ институтқа түсу туралы қосымша ақпарат көрсетілген жадынамалар мен парақшалар табыстаймыз», - деп өз сөзінде Астана қаласы ТЖД «Сарыарқа» ауданының ТЖБ бас маманы азаматтық қорғау капитаны М.А. Басболатов атап өтті.

Қатысушыларға Көкшетау техникалық институты жайында имидждік бейнероликтер, слайдтар және төтенше жағдайлар мен өрт орындарынан суреттер көрсетілді.

 

Астана қаласы ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы


 
Система Orphus