Қалыпты нұсқасына көшу Тіл: Қазақша Русский 

Басты Астанада «Қауіпсіз көлік» акциясы шеңберінде алдын-алу жұмыстары жүргізілді

Астанада «Қауіпсіз көлік» акциясы шеңберінде алдын-алу жұмыстары жүргізілді

PDF Баспаға жіберу
24.01.2017 07:29

«Қауіпсіз көлік» акциясы шеңберінде елордалық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері профилактикалық іс – шараларды белсенді түрде жүргізіп жатыр. Соның бірі ағымдағы жылдың 21 қаңтарында «Есіл» ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының инженерлік – инспекторлық құрамымен жүзеге асырылды.

Қызметкерлер елорданың сол жағалауында орналасқан «Хан Шатыр» және «Азия Парк» сауда ойын – сауық кешендерінің аумағындағы екі автотұрақта және көп пәтерлі  тұрғын үйлерде аралау жұмыстарын жүргізіп, тұрғындарға «Автокөліктегі өрт қауіпсіздігі» және «Көлігіңізді тұраққа дұрыс қойыңыз» тақырыбындағы жадынамалар табыстады. Аралау барысында қызметкерлер автокөлік иелеріне өрт техникасын өрт орнына кедергісіз өту үшін тұраққа автокөлікті дұрыс қоюдың маңыздылығын түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, тұрғындарға автокөліктегі негізгі қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелері айтылып, осы қағидаларды естен шығармау керектігі және әр автокөлік өрт сөндіргішпен қамтамасыз етілу қажеттігі туралы ескертілді.

Өткізілген іс – шара барысында 1100 дана ескерту жадынамалары табысталды.


Астана қаласы ТЖД «Есіл» ауданы

Төтенше жағдайлар басқармасы