Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Астаналық ТЖ департаментінде ҚР ІІМ ТЖК КТИ жинақтау бойынша отырыс өтті

Астаналық ТЖ департаментінде ҚР ІІМ ТЖК КТИ жинақтау бойынша отырыс өтті

PDF Баспаға жіберу
25.01.2017 04:15

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінде Департамент бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі М.С.Қайсановтың төрағалығымен ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтын жинақтау бойынша жұмыс тобының отырысы өтті.

Отырыс барысында бөлімше басшыларының өткізіліп жатқан үгіттеу жұмысы туралы баяндамалары тындалды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК КТИ түсу және іріктеу мәселелері бойынша бұдан әрі түсіндіру жұмысын өткізу туралы тапсырмалар берілді.

Отырыс барысында азаматтық қорғау полковнигі М.С.Қайсанов «Жас ұрпақтарды оқуға қатыстыру бойынша жұмысты белсендіру, ата-аналармен әңгімелер жүргізу қажет. Сонымен қатар балалар үйлерінен балалардың оқуға түсу мәселесін шешу қажет»- деп, айтты.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институты, жоғары адамгершілік және іскерлік қасиеттері бар, түрлі сипаттағы экстремалды жағдайдарда шешім қабылдай алатын, азаматтық қорғау органдарында қызмет ету үшін «Өрт қауіпсіздігі»,  «Төтенше жағдайларда қорғау» және «Азаматтық қорғаныстың әміршіл тактикалық күші» мамандықтары бойынша жоғары білімді білікті офицерлерді даярлайтын, Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК жалғыз ведомстволық оқу орны болып табылады.

 

Астана қаласы ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы



 
Система Orphus