Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Балаларды ТЖ кезіндегі әрекеттерге үйрету бойынша интерактивті сабақ

Балаларды ТЖ кезіндегі әрекеттерге үйрету бойынша интерактивті сабақ

PDF Баспаға жіберу
01.02.2017 07:43

Қаңтардың 27-і күні астаналық ТЖ департаментінің қызметкерлері №4 орта мектепте интерактивті сабақ өткізді. Сабаққа қаламыздың 43 мектебінің 500-ден астам 7-9 сынып оқушылары қатысты.

Сабақ барысында мамандар оқушыларды «Террористік акт қаупі кезінде халықтың әрекеттері» және «Баршаның назарына!» дабылы кезінде халықтың ic-қимылы» тақырыптарымен таныстырды.

Лекциялық материалдар слайдтармен, ақпараттармен, түсінікті мазмұндалған және сапалы көрнекті мағлұматтармен көрсетілді.

Сабақтың соңында оқушылардың қызықтыратын сұрақтары талқыланды.

Астана қаласы ТЖД ТЖ алдын алу бөлімі


 
Система Orphus