Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты «Төтенше жағдай қызметі туралы не білесіз?» тақырыбы бойынша ең үздік бейнероликке байқау жарияланды

«Төтенше жағдай қызметі туралы не білесіз?» тақырыбы бойынша ең үздік бейнероликке байқау жарияланды

PDF Баспаға жіберу
03.02.2017 14:43

Астана қаласы ТЖ Департаменті Астана қаласында ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап «Төтенше жағдай қызметі туралы не білесіз?» акциясы басталғандығын хабарлайды. Департаментте қараша айынан бері ай сайын түрлі тақырыптар бойынша акциялар мен іс-шаралар жүргізілуде, мысалға «Улы газдан сақтан», «Қауіпсіз Жаңа жыл», «Қауіпсіз көлік». Осыған байланысты, 12 жасқа дейінгі балалар арасында  «Төтенше жағдай қызметі туралы не білесіз?» тақырыбы бойынша ең үздік бейнероликке байқау жарияланды. Қызықты және іске ізденімпаздықпен келген бейнеролик иелері, құнды сыйлықтармен марапатталатын болады.

Байқауға қатысу үшін ұзақтығы 1-2 мин болатын қысқа бейнеролик түсіріп, онда ТЖ қызметінің жұмысы туралы түсінігі мен жалпы көзқарасын баяндау керек. Жұмыстарды 20 ақпанға дейін ұсыныңыздар. Өз жұмыстарыңызды мына электронды пошта мекен-жайына Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек жіберсеңіз болады. Оған қоса, өзіңіз туралы мәліметті (АТЖ, туған жылы және оқитын мектебі) көрсетуіңіз қажет.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздарды Оқушылар сарайында 23 ақпан күні атайтын болады.

Астана қаласы ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы


 
Система Orphus