Су тасқынына қарсы іс-шаралар

Баспаға жіберу
27.01.2017 11:14

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Астана қаласы аумағында көктемгі су тасқыны мерзімін өткізуге дайындық шеңберінде  қаңтардың 27-і күні Есіл өзенінің бастауындағы қардың  ылғалдылық  мөлшерін анықтауға комиссиялық тексеру жүргізді.

Тексерудің бағыты Ақмола облысының Аршалы ауданының және Қарағанды облысының Осакаров ауданының аумақтарын қамтыды, тексеру барысында Есіл өзенінің бассейіндік суқорына зерттеу жасау үшін,  қардың көлемі және топырақтың ылғалдығы анықталып,  жапқан қардың мөлшері өлшенді.

Алынған деректер үлгілік  есептер  жүргізуге және  дайындалған сутасқынына қарсы іс-шараларға қажет болған жағдайда өзгеріс енгізуге, соның ішінде  Астана суқоймасының  және «Астана қаласын Есіл өзенінің тасқын суынан қорғау» объектісінің  жұмыс режимінде мүмкіндік береді.



Астана қаласы ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімі