Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Елордалық ТЖ департаменті бастығының кеңесшісімен кездесу өтті

Елордалық ТЖ департаменті бастығының кеңесшісімен кездесу өтті

PDF Баспаға жіберу
06.02.2017 12:40

6 қаңтарда жеке құраммен тәрбие жұмысы шеңберінде Астана қаласы Орталық сайлау комиссиясында елордалық ТЖ Департаменті бастығының кеңесшісі, Ардагерлер кеңесінің төрағасы А.К. Бекешев «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығының орынбасары Т.М. Жұмабаевпен кездесті.

Әбдірахман Кожекұлы өз сөзінде ТЖ органдарының ардагерлер ұйымымен жүргізілетін жұмыстарына, бүгінгі күні ардагерлердің тыныс-тіршілігіне, қызметтік міндетін орындау барысында көз жұмған қызметкерлердің отбасына, олардың мүмкіндігі шектеулі балаларына қатысты қандай қамқорлық көрсетілетіндігіне тоқталып өтті.

- Ең алдымен айтқым келетіні, ардагерлер кеңесінің мақсаты төтенше жағдайлар саласындағы бөлімшелердің жас буын қызметкерлеріне патриоттық тәрбие беру, кәсіби шеберлігін шыңдау, қызметтік және әскери міндеттерін мінсіз орындауы үшін сана-сезімін қалыптастыру, сонымен қатар қызметтік іс-әрекеттерінде тәжірибелік және әдістемелік көрсету, күнделікті қызметте заңдылықты сақтау, төтенше жағдайлар саласындағы бөлімшелердің ардагерлері мен зейнеткерлеріне еңбек және қоғамдық іс-әрекеттерінде көмек көрсету жауапкершілік сезіміне тәрбиелеу. Қазіргі таңда «Ішкі істер органдарының қазақстандық ұйымы және ұлттық ұланның ардагерлері» Қоғамдық бірлестігінің филиалында – «Астана қаласы ТЖ бөлімшелерінің ардагерлер ұйымы» есепте тұрған және тұратын ардагер-зейнеткерлердің саны: 146 адам, оның ішінде 2-еуі Ұлы Отан соғысына қатысқандар, ҰОА қатысушыларымен теңестірілген 5 тыл ардагері, Ауғанстанда қызмет өткерген 2 адам және Чернобыль АЭС қатысқан 2 адам. Сонымен қатар, үгіт-насихат жұмыстарын жүргіземіз, ардагерлермен кездесуді ұйымдастырамыз. Біз әр уақытта кеңес беруге әзірміз. Егерде сұрақтарыңыз пайда болса, бізге келсеңіздер болады, -деп Астана қаласы ТЖ Департаменті бастығының кеңесшісі А.К. Бекешев ардагерлер кеңесінің негізгі мақсаттары мен міндеттерін айқындап өтті.

Сондай-ақ ардагерлерді қолдау қоры бар екендігі ескеріліп, оларға моральдық әрі әлеуметтік тұрғыда көмек көрсетілетін айтылды, және олардың ТЖ органдарының бөлімшелерінде қоғамдық-тәрбиелеу жұмыстарына белсенді қатысатындағын атап өтті.

ТЖ органдарының зейнеткерлеріне, ардагерлеріне және тұрмысы төмен отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларға әлеуметтік және мекенжайлық көмек көрсетіледі, және олар тұрақты түрде жеке құрамның назарында болады.

Сөз сөйлеуден кейін, Әбдірахман Кожекұлы және Талғат Мақсұтұлы «Ішкі істер органдарының ардагері», «Мінсіз кызметі үшін» ТЖ Департаменті қызметкерлерін 1, 2, 3 дәрежелері бойынша медальдарды тағуға көшті.

Еске салып өтсек, 2016 жылдың соңында ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен ТЖ жөніндегі бастық кеңесшісі лауазымы енгізілген болатын, бұл лауазымға елордалық ТЖ Департаментінде отставкадағы ішкі қызмет полковнигі Әбдірахман Кожекұлы Бекешев тағайындалды. Астана қаласы ТЖД бастығы кеңесшісінің қызметтік негізгі бағыты жеке құраммен тығыз қарым-қатынас құру, құтқарушылардың лайықты буынын тәрбиелеу болып табылады.



 
Система Orphus