Астанада Қазақстан Республикасының өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша қысқы чемпионаты басталды

Баспаға жіберу
24.02.2017 04:07

23 ақпан күні «Құтқарушы» спорт кешенінде республиканың барлық өңірлерінен   құрама команда қатысқан ерлер арасындағы (19 команда) XXV қысқы Чемпионаттың, әйелдер арасындағы (12 команда) ІІІ қысқы Чемпионаттың және жасөспірімдер арасындағы (12 команда) «Астана-2017» Қазақстан Республикасының өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ІІ қысқы Чемпионаттың салтанатты ашылуы өтті.

Қазақстанда өрт сөндіру-құтқару спорты қарқынды дамып келеді. Құрамалар арасында ел ішінде де, шетелде де жарыстар жиі ұйымдастырылып тұрады.

Өрт сөндіру-құтқару спорты (басқалай айтқанда қолданбалы өрт) төзімділікті, ептілікті, қозғалыс үйлесімдігін дамытатыны бәріне мәлім. 2013 жылы әлемде тұңғыш рет әйелдер құрамасы құрылған болатын, бұл өз кезегінде аталмыш спорт түрінің танымалдығы өскендігін көрсетіп тұр.

Өрт сөндіру-құтқару спорты – қолданбалы-қызметтік спорт түрі, ол дербес әрі топтық сынақтағы өрт сөндіру тәжірибесінде қолданылатын түрлі тәсілдер кешенін орындаудан тұрады.

Еске сала кетейік, жарыстар 23 және 24 ақпан аралығында екі спорт түрі бойынша өтетін болады: саты арқылы 4-қабаттағы терезеге көтерілу (ерлер) және оқу-жаттығу мұнарасының 2-қабатына көтерілу (әйелдер), кедергілері бар 100 метрлік жолақты бағындыру.

Чемпионаттың ашылуына Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.В. Ильин, ҚР ІІМ ТЖК басшылығы, Астана қаласы әкімдігінің өкілдері, «Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар спорт федерациясы» ҚҰ басшылығы, Астана қаласы ТЖД басшылығы қатысты.

Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша қысқы чемпионат жыл сайын өтетін жарыс, оған біздің елдің әртүрлі қалаларынан келген спортшылар қатысады. Өз қаласы мен облысы атынан қатысып жатқандықтан олардың әрқайсысы үздік нәтиже көрсетуге тырысады.

Алайда, жарыстар өрт сөндірушілер-спортшылардың дағдыларын арттыру мен олардың арасынан үздігін таңдағаннан басқа оларды біріктіреді, әлемдік және барабар бәсекелестік рухына шақырады, салауатты өмір салтын ұстануға шақырады.

Сонымен қатар жарыстар отпен күресушілер күнделікті құтқаратын қарапайым адамдарға олардың жұмыстарының ерекшеліктерін түсінуге мүмкіндік беріп, өздерін өрт орын алған жағдайда қалай ұстау керектігін үйретеді.