Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Елордалық ТЖД қызметкерлері құрылыс объектілерінде профилактикалық жұмыстарды жүргізуде

Елордалық ТЖД қызметкерлері құрылыс объектілерінде профилактикалық жұмыстарды жүргізуде

PDF Баспаға жіберу
27.02.2017 10:57

2017 жылдың 25 ақпанында Астана қаласы ТЖД «Есіл» ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының (ары қарай-Басқарма) қызметкерлері, өрт пен төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында, сонымен қатар Астана қаласының құрылыс алаңдарында өрт оқиғалары мен төтенше жағдайлардың жиі орын алуына байланысты Астана қаласы «Есіл» ауданы аумағында орналасқан 10 құрылыс алаңын  аралап өтті.

Басқарма қызметкерлері жергілікті және шетелден келген жұмысшыларды қамтып, «Өрт қауіпсіздік ережелері мен биікте жүргізілетін жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау» тақырыбында нұсқаулық дәрісін оқыды. Сонымен қатар, өрт сөндірудің алғашқы құралдарын қолданудың тәртібі түсіндіріліп көрсетілді. Үгіт насихат мағлұматтары бар ескерту материалдарының(жадынамалар, кітапшалар) 500 данасы таратылды. Оған қоса, ТЖД қызметкерлері келесіні ескертеді.

Құрметті қала қонақтары және түрғындары!

Өрт шыққан немесе жану (түтіндеу, күйік иісі, температура жоғарлау) белгілері туындаған жағдайда: Дереу телефон арқылы өртке қарсы қызметке (101), осы объектінің басшылығына хабарлау; мүмкіндігінше өртке қарсы қызмет бөлімшесі келгенге дейін адамдарды эвакуациялау, өртті сөндіру бойынша алғашқы шараларды қабылдау қажет.


Астана қаласы ТЖД «Есіл» ауданы ТЖБ


 
Система Orphus