Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Елордада «Қауіпсіз балалық шақ» акциясы басталды

Елордада «Қауіпсіз балалық шақ» акциясы басталды

PDF Баспаға жіберу
01.03.2017 05:13

Астана қаласы ТЖД 1-наурыздан бастап елордамызда «Қауіпсіз балалық шақ» акциясы басталғандығын хабарлайды. Балалар - біздің болашағымыз. Алайда, көп жағдайларда біз балалардың өмірі бақытты және  шаттыққа толы болуын, олардың басына ешқандай қауіп-қатер  төнбеуін ойлаймыз ба?!

Өкінішке орай, ересектердің барлығы бұны ескеріп жүрмейді. Жиі бақытсыздыққа ұшырататын жағдайлардың бірі – балалардың отпен ойнауы. Нәтижесінде өрт денсаулыққа зиян келтіріп, материалдық шығынға ұшыратады. Кейбір кездері отпен ойнау соңы қайғылы оқиғаларға әкеп соқтырып жатады.

Акция аясында елордалық ТЖД қызметкерлері балалар арасындағы қауіпсіздік бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жандандырды. Инженерлік-инспекторлық құраммен бірқатар іс-шаралар жоспарланды.

Акция балалардың өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауына бағытталған. Өйткені қайғылы оқиғалардың басым көпшілігі мереке күндері болып жатады. Дәл осы күндері ата-ананың қарауынсыз қалған балалар оқыс оқиғаға ұшырап, соңы қайтымсыз жағдайларға әкелуі мүмкін.

Осыған байланысты Астана қаласы ТЖД елорда тұрғындары мен қонақтарына өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауын, балаларды қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді. Естеріңізде болсын, балалардың отпен ойнауына қарсы күрес – ол өрттермен қарсы күрес болып табылмайды. Ол алдымен, балаларымыздың бақытты, шаттыққа толы және салауатты өмірі үшін күрес.

Астана қаласы ТЖД



 
Система Orphus