Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты АСТАНА қ. ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА! ҚҰЛАҚТАНДЫРУ БОЙЫНША АҚПАРАТ

АСТАНА қ. ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА! ҚҰЛАҚТАНДЫРУ БОЙЫНША АҚПАРАТ

PDF Баспаға жіберу
07.03.2017 05:48

Қымбатты қала тұрғындары мен қонақтары, 2017 жылдың 9 наурыз  күні 9 сағат 00 минутта Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті   2 минут бойы теле-радио арналарды ұстап қалумен, электродабылдарын қосу арқылы Астана қаласының құлақтандыру  жүйелерін тексеруін  жүргізеді. Аталмыш тексеру жоспарлы болып табылады және ай сайын жүргізілетін болады.

Еске саламыз, төтенше жағдай орын алған кезде немесе төтенше жағдайдың орын алуына қауіп төнген кезде   электродабылдар немесе басқа да дабыл құралдары қосылады, ол «Баршаңыздың назарына!» біріңғай құлақтандыру дабылын   білдіреді. Бұл дабылды естіген кезде  тұрғындар міндетті түрде қолайлы ақпарат қабылдау құралдарын (Хабар, Қазақстан,   Евразия бірінші арна, Астана, КТК, НТК- теледидарларын;   Астана FM, Шалқар, Ретро FM, Авторадио, Қазақ радиоларын) іс-әрекеттер туралы нұсқаулар мен ақпарат алу үшін қосулары керек.

Қымбатты қала тұрғындары мен қонақтары, Астана қаласы ТЖ департаменті қала тұрғындарын сабырлық сақтауға, үрейленбеуге шақырады.


Астана қаласы ТЖД


 
Система Orphus