Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты «Құтқарушы Дәрмен» өрт қауіпсіздігі ережелеріне үйретуде

«Құтқарушы Дәрмен» өрт қауіпсіздігі ережелеріне үйретуде

PDF Баспаға жіберу
13.03.2017 05:04

Астана қаласы ТЖ Департаменті елордалық әкімдіктің қолдауымен  «Құтқарушы Дәрмен» өрт қауіпсіздігі ережелеріне үйретуде» мультфильмін жасап шығарды. Мультфильм «Қауіпсіздік балалық шақ» акциясы аясында дайындалған болатын.

Мультфильмде 1,5 минут уақыт межесінде басты кейіпкер өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелері туралы айта отырып, қосулы қалған үтік, жылытқыш және өзге де электр құрылғыларының қаупі туралы ескертеді. Дәрмен өрт кезіндегі қажетті іс-қимылдарды түсіндіріп, өрт кезінде ғимараттан тез сыртқа шығып, көршілерге «101» нөміріне хабарласып, құрқарушыларды көмекке шақыру қажеттігін де еске салады. Мультфильм кейіпкері балаларды өрт орын алған кезде еш уақытта төсек астына, шкафқа немесе басқа жерлерге тығылмауға шақырады.

Құтқарушылардың өздері айтқандай, балалардың өрт құрбанына айналуына көп жағдайда оларды қараусыз қалдырған ата-аналары кінәлі. Мамандар бұл бағыттағы ақпараттық жұмыстың маңыздылығын ескертті, өйткені көп жағдайда балаларға ғана емес, ересектер де өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін бұзып, қателікке бой алдырады. Осыған байланысты, құтқарушылар кішкентай азаматтарымызды ақпараттандырудың жаңа жолын іздеуде. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек: өткен 2016 жылдың өзінде ғана өртте 6 бала көз жұмған.

«Дәрмен»  кейіпкері – бұл балаларды өрт қауіпсіздігіне үйрететін, батырлық мен ержүректілік сиволы болып табылатын құтқарушы персонажы. Осы мультфильмді шығарғанға дейін, Астана қаласы ТЖ Департаменті Дәрмен кейіпкері бар бояуға арналған кітапшаларын әзірлеген болатын. Бұнда да ержүрек құтқарушы балаларды өрт қауіпсіздігі ережелеріне үйретеді. «Құтқарушы Дәрмен» өрт қауіпсіздігі ережелеріне үйретуде» мультфильмі Астана қаласы ТЖ Департаментінің ресми сайтында және әлеуметтік парақшаларына орналастырылған.

Ескерте кетейік, ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастап, елордада «Қауіпсіз балалық шақ» акциясы бастау алған болатын. Акция балалардың назарын өрт қауіпсіздігі ережелеріне аударуға бағытталған. Өйткені, қайғылы жағдайлардың көбі мереке күндері болады. Дәл осы күндері, қараусыз қалған балалар абайсыздықтан зардап шегіп қана қоймай, қаза табуы да мүмкін.

Осыған байланысты Астана қаласы ТЖД елорда тұрғындары мен қонақтарына өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауын, балаларды қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді. Естеріңізде болсын, балалардың отпен ойнауына қарсы күрес – ол өрттермен қарсы күрес болып табылмайды. Ол алдымен, балаларымыздың бақытты, шаттыққа толы және салауатты өмірі үшін күрес.

 

Астана қаласы ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы


 
Система Orphus