Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Құрметті әріптестер!

Құрметті әріптестер!

PDF Баспаға жіберу
18.03.2017 11:48

Сіздерді Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесімен құттықтаймын! Күн мен түн теңеліп, тіршіліктің жаңаруы, жаңғыруы басталатын осы бір тамаша мерекеде игілікті істеріңіздің барлығына береке тілеймін.

Наурыз - қазақ халқы үшін ежелден-ақ бірліктің, ағайын-туыс арасындағы татулықтың, ырыс пен ынтымақтың мейрамы болып келген.Ата-бабаларымыз бұл күнді тек табиғи ғана емес, сондай-ақ жан-дүниенің тазаруымен байланыстырған. Наурыз – бұл татулықтың, жақсылық пен түсініспеншіліктің, береке мен бірліктің мейрамы.  Ендеше, игілікті дәстүр жалғасын таба берсін, ақ мол болсын, жаңа жыл елімізге құт әкелсін!

Біздің көпұлтты мемлекетімзде Наурыз мейрамы әр отбасыда тойланады. Бұл мейрам шынымен де бүкіл халықтарға ортақ мейрам болды, себебі оның мәні мен философилық мағынасы әрбір адамға жақын.

Қазақстандықтар үшін татулық пен достықты, ынтымақ пен бірлікті паш еткен мерекеде сіздерге және жақындарыңызға мықты денсаулық, бақыт, береке мен табыс тілеймін! Наурыз мейрамы әр үйге бақыт әкелсін!

Астана қаласы ТЖД бастығы

азаматтық қорғау полковнигі

Б.О.Дұзақбаев


 
Система Orphus