Астанада су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізілуде

Баспаға жіберу
31.03.2017 07:35

Қардың жылдам еруі мен толассыз жауыннан орын алатын су деңгейінің көтерілуі және еңістерден мөлшерден тыс көп аққан сулар қаланың кейбір көшелерін су басуына ұшыратты.

Көктемгі кезеңнің төтенше жағдайларына уақытылы жедел ден қоюды қамтамасыз ету мақсатында Астана қаласы мен аудандары әкімдігінің тасқын суларды өткізуге дайындық бойынша жұмыс топтары құрылды, су тасқынына қарсы аудандық комиссиялар жұмыс істеуде. Коммуналдық қызметтер су тарту, инертті материалдарды себу бойынша жұмыстар жүргізуде.

Бірінші кезектегі су тасқынына қарсы іс-шаралар қала аумағынан, сонымен қатар су басуға бейімделген учаскелерден қар тазалау бойынша күшейтілген жұмыстарды ұйымдастыру және су бұру жүйелерін тазалау бойынша жұмыстарды жүргізу болып табылады.

Гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіз жұмыс режимін, Есіл өзенінің қалалық арнасы бойынша тасқын суларды өткізу, қаланың сол жағалауындағы қорғау дамбыларын нығайту және Майбалық көлі аумағындағы су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізу мәселелері ерекше бақылауда.

Су тасқыны жағдайының ықтимал күрт шиеленісуіне жедел әрекет ету үшін қаланың азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдарына өзгерістер енгізілді, құлақтандыру сызбасы мен өзара әрекеттесу нұсқаулығы жаңартылды. Су тасқыны салдарын жоюға құрамында 125 адам,48 бірл. инженерлік техникасы бар қаланың жедел ден қою жасағы, құрамында 55 бірл. техника және жеке құрамында 97 адамы бар қаланың коммуналдық қызметтерінің топтары жұмылдырылды.

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді, Егерде Сіздің үйіңіз су басу аймағында болса, газ, жылу және су беру көздерін сөндіріңіздер, пештегі жанып жатқан отты өшіру керек, сондай-ақ бағалы заттар мен жиһаздарды жоғары қабат пен қоймаға апарып, есіктер мен терезелерді жауып, эвакуациялануға дайындалу қажет.


Астана қаласы ТЖД