Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Астаналық Департамент СҚҚ бастығын құрметті демалысқа шығарып салды

Астаналық Департамент СҚҚ бастығын құрметті демалысқа шығарып салды

PDF Баспаға жіберу
08.01.2014 09:06

Қаңтардың 6-ы күні Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің ұжымы «Суда құтқару қызметі» ММ-нің басшысы Г.Саврукты зейнет демалысына шығарып салды. ТЖ жою және алдын-алу жүйесіне қосқан қомақты үлесі үшін «Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар органдарының ардагері» медалімен марапатталды. Георгий Гордеевич бас қаланың ғана емес, сонымен қатар еліміздің суда құтқару қызметінің негізін салуға үлес қосқан азаматтардың бірі.

Небары 23 жасында, сонау 1972 жылы құтқару саласына келген маман осы қызметін өмірлік серік еткен. Қарапайым сүңгуірші болып жұмысқа орналасқан Георгий Саврук, уақыт өте келе өз ісінің үздігі болды. Елордамызда құрылған суда құтқару қызметінің алғашқы басшысы. Біліктілігі мен кәсібіне деген зор ынтасының арқасында бұл маман Астаналық суда құтқару қызметін еліміздегі үздік қызметтердің қатарына көтерді.

 

 

Астана қаласы ТЖД-нің баспасөз қызметі


 
Система Orphus