Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Қымбатты қала тұрғындары!

Қымбатты қала тұрғындары!

PDF Баспаға жіберу
13.01.2014 00:00

Қаңтардың 18-нен 19-на қараған түні «Крещение господне»-ге арналған суға шомылу өтеді. Астаналықтар қаланың 2 жерінде белгіленген аумақта суға сүңги алады: оң жақ жағалауда орналасқан Оқушылар сарайының ауданында (Гранд Астана ТК) және сол жақ жағалауда орналасқан Орталық қалалық саябақтың жанында. Бұл күндері қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында белгіленген жерлерде ТЖД-нің арнайы бөлімшелерінің мамандары кезекшілік етеді: құтқарушы-сүңгуіршілер, медициналық қызметкерлер.

Астана қаласы ТЖ Департаменті ескертеді, қыс мезгілінде суға сүңгу кезінде сақтық шаралары шеңберінде, суда ұзақ уақыт болуға тыйм салынған, алкогольдік ішімдікке сылқия тойып та суға түсуге болмайды. Әйтсе де, өзін қолайсыз сезінген адам суық суға сүңгімес бұрын дәрігердің қарауында болғаны абзал.

 

Астана қаласы ТЖД-нің баспасөз қызметі


 
Система Orphus