Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Астаналық гарнизонда ардагерлер мен жеке құрамның кездесуі өтті.

Астаналық гарнизонда ардагерлер мен жеке құрамның кездесуі өтті.

PDF Баспаға жіберу
18.04.2017 09:27

Ағымдағы жылдың 6 сәуірінен 17 сәуір аралығында Департамент басшысының бастамасымен және Қазақстан полияциясының 25 жылдығына орай астаналық гарнизонда Астана қаласы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ өрт сөндіру бөлімдерінде ардагерлер мен жеке құрам қызметкерлерімен кездесу өтті.

Кездесуге өз өмірлерін ең батыл мамандыққа арнаған офицерлер: тыл майданының еңбеккері Акапаров Н.А., АҚ органы ардагерлері Гусаков А.Н., Бекешев А.К. – Астана қаласы ТЖД кеңес тобының кеңесшісі, Төлегенов Б.С., Федоров А.А, қатысты.

Астана қаласы ТЖД Ардагерлер кеңесінің төрағасы – Департамент басшысының кеңесшісі А.К. Бекешев  ТЖ органының ардагерлері ұйымымен атқарып жатқан шаралар, бүгінгі күні ардагерлер мен тыл қызметкерлерінің өмірлері, мүмкіндігі шектеулі балаларға жасалып жатқан көмек, өз қызметтерін орындау кезінде қаза тапқан қызметкерлердің отбасына көмек туралы айтып өтті.

Астаналық Департаментте ардагерлерге қажетті көмек көрсетіліп тұрады,  мерекелер кезінде құттықтаулар, астаналық мектеп оқушыларымен кездесулер ұйымдастырылып тұрады.  Бұл жолы ардагерлер өз уақыттарын жас ұрпаққа бөліп, оларға өртке қарсы қызметінің тарихы, өртке қарсы қызмет органдарында атқарған қызмет жылдары және өрт сөндіру кезінде атқарған қауіптері туралы айтып берді.

 

Астана қаласы ТЖД


 
Система Orphus