Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Демалыс күндері Астанада өрттің салдрынан үш адам мерт болды

Демалыс күндері Астанада өрттің салдрынан үш адам мерт болды

PDF Баспаға жіберу
13.01.2014 00:00

2014 жылдың басынан Астана қаласында 48 өрт тіркелген. 2013 жылдың осы мерзімінде 34 өрт оқиғасы тіркелген болатын. Өрттер саны артуда. Тек соңғы 3 күннің ішінде өрт салдарынан 3 адам қаза болған.

Қаңтардың 11-і күнітүнгі 2 сағат 40 минутта, Автоматика тұрғын массивінде орын алған өрт жайында хабарлама келіп түсті. Екі қабатты тұрғын үйдің жоғары қабатында үй жиһазы мен заттары 12 шарша метр аумақта жанып жатқандығы анықталған. Өртті ауыздықтауға 5 арнайы техника мен 15 құтқарушы жұмылдырылды. 10 адам құтқарылған, олардың 4-і балалар. Өртті сөндіру барысында 1963 жылы туылған азаматтың мүрдесі табылды.

Қаңтардың 12-і күні «Полянка» саяжайлар қоғамдастығына қарасты Центральная көшесінің бойында 10 сағат 10 минутта бөлек тұрғын уақытша құрылымда аумағы 25 шаршы метрді шарпыған өрт орын алған. Оқиға орнында 1971 жылығы Қарағанды облысы тумасының мүрдесі табылды.

Қаңтардың 13-і күні түнгі 12 сағат 20 минутта Астана-Қарағанды тас жолындағы  «ВАЗ-2107» және «КАМАЗ» автокөліктерінің соқтығысуларының салдарынан, «ВАЗ-2107»  көлігі өртке оранады. Жеңіл автокөліктен 1 адамның мүрдесі табылды. Қаза болған адам жайында ақпарат анықталуда.

Қымбатты қала тұрғындары, Астана қаласы ТЖ Департаменті отпен абай болып, өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауларыңызды сұрайды.

Астана қаласы ТЖД-нің баспасөз қызметі


 
Система Orphus