Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Қымбатты астаналықтар мен қала қонақтары!

Қымбатты астаналықтар мен қала қонақтары!

PDF Баспаға жіберу
19.04.2017 10:26

Жаз келісімен көптеген демалушылар табиғат аясына демалуға шығады.  Адамдардың абайсыздықтары мен немқұрайлықтары салдары қиын өрттерге алып келіп жатады.

Өрт кезеңінің басталуымен Астана қаласында құрғақ шөптер мен қамыстардың өртенуілері орын алып жатыр. Ағымдағы жылдың 14 сәуірінен бастап құрғақ шөптердің өртенулерінің 8 жағдайы тіркеліп отыр, өрттің жалпы аумағы 2230 шаршы метрді құрады, оның 2000 шаршы метрі Алматы ауадынына келіп отыр.

Өртті болдырмау мақсатында Астана қаласы ТЖ департаменті ескертеді, қарапайым ережелерді сақтаңыздар:

- тұтанған сіріңкелерді лақтырмаңыздар;

- алауларды, қоқыстарды өрт қауіпті кезеңде жақпаңыздар;

Демалу орындарынан кетер кезде, алауларды сөндіріп немесе олардың үстіне құм сеуіп, өшіріп кетіңіз;

- жаңа ғана тұтанып жатқан өртті көрсеңіздер, оны сумен немесе құммен сөндіріңіз;

- жаңғыш заттар орналасқан сарайларда, жертөлелерде немесе басқа да жерлерде темекі шегіп,  ашық отты қолданбаңыз;

- құрылыстардың арасындағы өртке қарсы аумақта жаңғыш заттарды сақтамаңыз (шөп, бұта және т.б.);

Жаңа ғана пайда болған өртті сумен, 2 метрге дейінгі ағаш бұталарымен сөндіріңіздер немесе құм сеуіп тастаңыздар. Отты қолдану кезіндегі сақтық шараларын қатаң сақтау қажеттігі есіңізде болсын.

Табиғат аясына шыққан кезде, сөндірілмеген темекі қалдықтарын, сіріңкелерді лақтырмаңыздар. От жаққан жағдайда, жер құрғақ шөптерден тазартылған болуы шарт. Кетер кезде, жаққан оттарыңызды толықтай сөндіріп кетіңіздер. Сыңған шыны қалдықтарын тастап кетпеңіздер , бұл да өз кезегінде өрттің пайда болуына себепші болуы мүмкін.

Өрт болған жағдайда өртке қарсы қызметке 101 нөмірі бойынша хабарласыңыз!


Астана қаласы ТЖД


 
Система Orphus