Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Астана қаласында кіші және орта бизнес өкілдерімен кездесу өтті

Астана қаласында кіші және орта бизнес өкілдерімен кездесу өтті

PDF Баспаға жіберу
24.04.2017 05:05

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті  «Алматы»  ауданының  Төтенше жағдайлар басқармасы Астана қаласы Алматы аудының Әкімшілігімен кәсіпкерлік ғимараттарда өрт қауіпсіздің талаптары мен нормаларын сақтау жөніндегі сұрақтар бойынша кіші және орта бизнес кәсіпкерлер өкілдерімен кездесу өткізді.

Аталған жиналыста кәсіпкерлік ғимараттарының өрт қауіпсіздік жағдайларымен таныстыру ақпараттары жеткізілді, сондай-ақ 2014 жылғы 09 қазандағы № 1077 «Өрт қауіпсіздік ережелері» нормативтері, өрттірдің статистикасы, сонымен қатар Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V «Кәсіпкерлік кодексі» 137 бабы түсіндірілді.

Жиналыс барысында Алматы ауданы ТЖ Басқарамасының қызметкерлері кәсікерлерді қызықтырған сұрақтарға жауап берді.




Астана қаласы ТЖД «Алматы» ауданының ТЖБ


 
Система Orphus